Сана– адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті.Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен- бірі тығыз байланысты.
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.
Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.
Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.
Қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді.
Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды.
Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын 2-ші сигналдықжүйе қалыптасты.
Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғарғы сатыдағы жануарлардыңдерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз – сананың өзегі.
Сөйлеу, сөз-біздің саналық болмысымыздың формасы – қарым қатынас деңгейін шеңберін кеңейте түседі.
Қарым-қатынас процесі арқылы адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қарым-қатынас жасау қоғамдық өмір факторы.
Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адаммен қарым-қатынасында ғана пайда болады.
Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек жеке басының ғана емес, (адамдардың) қоғамдық санасы да қалыптасады.
Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлі. К.Маркс пен Ф.Энгельс адам жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғындағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен түсіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетіліуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырыпшешуді және басқаруды қажет қылады. Жануарлар тобына еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналады. Табында көрсетілетін болмашы өзара көмек ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті.