1 зертханалық жұмыс. Жергілікті жердегі экожүйені зерттеу (мектеп үлескісі мысалында) Мақсаты: экожүйе құрамбөліктерін сипаттауды үйрену. Құрал-жабдықтар: сызғыш, лупа, ауа термометрі, үшкір таяқша. жумыс барысы: 1. Мектеп жанындағы аумақтан едәуір бірдей табиғат үлескісін тандап алыңдар. 2. Осы экожүйедегі жансыз (өлі) табиғат құрамбөліктеріне жоспар бойынша сипаттама беріңдер: топырақ түсі, құрылымы (сазды немесе құмды), ауа райы, климаттық жағдайлар (температура, ылғалдылық, жауын-шашынның, шықтың түсуі), ауа жағдайы (ластануы, тозаң- данғандығы). 3. Бұл экожүйедегі жанды (тірі табиғат құрамбөліктерін қараң- дар, оларды сипаттаңдар. Өсімдіктің қанша түрін санадыңдар? Сендерге таныс түр бар ма? Мұғалім өсімдіктің қандай түрімен таныстырды? Экожүйедегі орташа, ең биік және ең аласа шөптесін өсімдіктерді табыңдар. Қандай жануарларды көрдіңдер? 4. Лупа арқылы топырақтың бетін қараңдар. Үшкір таяқшамен топырақтың бетін қазып көріңдер. Содан кейін топырақты тағы лупа арқылы қарандар. Не байқадыңдар? Сипаттама беріңдер. 5. Сипатталған экожүйеде жасанды құрамбөліктер бар ма? Ол суарылады ма? Ол жердің топырағына тыңайтқыштар енгізіледі ме? Мәдени өсімдіктер өсіріледі ме? 6. Сендер қарастырған экожүйе табиғи ма, әлде жасанды ма? Анықтаңдар. Экожүйе құрамбөліктерінің өзара байланысы туралы қорытынды жасаңдар. Олардың барлығы қажет пе? Экожүйе құрам- бөліктерінің біреуінің жойылуы қандай өзгерістер туғызуы мүмкін?
Физикалық және экологиялық құлдырау анатомиялық тұрғыдан сәйкес келеді
Объяснение: