В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Vladislav1108
Vladislav1108
17.08.2021 04:21 •  Биология

Орта тас дәуірінің орнына неолит келді.
көмектесіндерші​

Показать ответ
Ответ:
1939345
1939345
17.10.2020 13:01

Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды.[1] Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мәдениеті б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Солтүстік Македония) б.з.б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғүрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың мәдениеті жатынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитің Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұксас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа карай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. VI — IV мыңжылдықтың орта шені шегінде белгіленсе, Алдыңғы Азия үшін ол б. з. б. VIII — VI мыңжылдықтарды қамтиды. Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкіністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді — бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймактың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ — мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балык аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халык қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек. Жерорта теңізінің неғүрлым жұмсақ және бірыңғай климаты аймақта демографиялық жағынан артық жағдай туғызып, Шығыс елдерінде адам аң, балық аулау мен жиын-терінге қоса косымша тамақ көздерін өте ертерек іздестіруге мәжбүр болды, өйткені коғамның қажеттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Биология
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота