Өркениет (лат. сівіліс – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1]
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңі-нен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақ-тардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Қазақ халқының дүние-танымы мен дәстүрлі мәдениетінің рухани тамырлары мен бастау көздері ежелгі сақ, ғұн және ортағасырлық түркі мәдениетінде екенін отандық зерттеушілер бүгінгі күні дәлелдеп, түйіндей тү-суде. Әсіресе, ортағасырда барлық түркі халықтарының бірігіп, бір суперэтносқа ұйысқан кезеңнің орны бөлек. Елбасы Н. Назар-баев ғасырлар тоғысының Түркі қағанатының 1450 жыл толуы қар-саңында жазылған «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өш-пес із қалдырып кеткен, Еуразия құрылығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен»

Объяснение:
осылай