В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
diankaZe
diankaZe
23.02.2023 13:46 •  Другие предметы

Материалды жүктеу Материалдың толық нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Коллеж: Қ.Дүтбаева атындағы гум. колледж Мерзiм: 14.09.2017ж № 3- тақырып

Тақырып: Адам тұлғасы болмысымен

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: бейімділік, қызығушылық, икемділік

Мұғалiм: Изимова Гүлмаржан Тобы: 2(11)вш Оқушылар саны : 20

Мақсаты: Білім алушылардың өздерінің оқу орнындағы танымдық әрекеті мен болашақ кәсібін, бейімділігін бағалай білу іскерлігін қалыптастыру арқылы, «Дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: өмірдегі өз орнын табуда өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін адекватты бағалау ікерліктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: кәсіби дайындыққа қызығушылығы мен қажеттілігін,өзінің нақты бейімділігін табуға ұмтылысын дамыту;

Тәрбиелік: парасаттылық, еңбексүйгіштік, мақсаткерлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Кітап, дәптер, үнтаспа,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

5Т- ережесін еске түсіру

Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы 18-беттегі М.Әлімбаевтың «Тағдыр қосқан туыс-бауыр» мәтінін оқып келу.

Оқулықтағы 2-тапсырманы орындау.

Сұрақтар:

Аңызда өмір мен тағдырдың байланысы қалай берілген?

Сіз қай танымал жеке тұлғалардың өмірін анықтауға себеп болған оқиғаларды білесіз?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз.

Парасатсыз адам - ерік жігерсіз адам.

Кімнің ақылы жоқ болса, соны басқалар алдайды, көзін буландырады, қанайды. Ойшыл адам ғана азат әрі дербес.

Л.Фейербах

Дәйексөзді дауыстап қыздарға, ұлдарға содан соң хормен оқыту, дәптерлеріне жаздыру, дәйексөздің мәнін ашу.

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. «Ақыл», «парасат» ұғымдарын қалай түсінесіздер?

3. Өмірде ерік-жігердің маңызы қандай?

4.Сіздіңше ұлы адамдар қандай адамдар?

5. «Ұлы ақын», «ұлы ғалым», «ұлы суретші», «ұлы актер» т.с.с. атауларға сіз қалай қарайсыз?

4.Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат).

«Екі ағаш» аңыз. Бір орманда екі ағаш өсіпті. Жаңбыр тамшылары жапыраққа тамғанда немесе бірінші ағаштың тамырына су құйғанда, ол өзіне аз ғана ұрттап былай депті: «Егер мен көп алсам, басқаларына не қалады?»деген екен. Екінші ағаш табиғат берген барлық суды ішіп алыпты. Күн сәулесін төккенде ол алтын нұрға рахаттана шомылыпты, ал екіншісі аз ғана алыпты. Көп жылдар өтеді. Бірінші ағаштың бұтақтары мен жапырақтары аз болғаны сонша ол тіпті тамған жаңбыр тамшысын да жұта алмапты, күн нұрын да дұрыстап сіңіре алмапты, осылайша басқа ағаштың тамырлары басып кетіпті. «Мен өмір бойы басқалармен бөлісіп келдім, есесіне маған ешнәрсе де тимеді»деп-ақырын қайталай беріпті, қайталай беріпті. Қасында екінші ағаштың бұтақтары жайқалып, жеміске толы болыпты. «Жаратқан ием, рахмет саған, бұл өмірде маған бәрін бергеніңе рахмет. Енді міне жылдар өткен соң мен де сен маған жасағандай мен де жүз есе қылып қайтарғым келеді. Өз бұтақтарымның астында мыңдаған шөптерді күннен және жуыннан қорғап тұрмын. Менің жемістерімнің дәмі көптеген адамдарды қуантады. Рахмет саған, маған сыйлауға мүмкіндік бергеніңе»,- деген екен екінші ағаш.
аңыздың мағынасы қандай? өтінем көмектесіңіздерші

Показать ответ
Ответ:
artur283
artur283
20.10.2020 11:01

Ақиқат жалған жалған Ақиқат

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Другие предметы
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота