В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

У наслiдок проведення земельноi реформи П.Cтолiна В Украiнi

Показать ответ
Ответ:
п7е2р1с6и4к
п7е2р1с6и4к
11.04.2021 12:57

1B.Каспий теңізініңэкологиялық мәселесі 2.A/Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық

2 A.Аралдыңэкологиялық мәселесі 3.б/Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы

3 Б.Балқаш мәселесі 1.в/ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді суаруға пайдалану

4.Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы 4.г /мұнай мен газдың өндірілуі

0,0(0 оценок)
Ответ:
daha0061
daha0061
02.12.2022 16:36

ответ:Абай Құнанбайұлы дара және дана тұлға. Еңбегі біз үшін таусылмас асыл, рухани қазына. Оның қара сөздері құдды бір жүрекке еніп, қазіргі өмірдің сабағындай болмақ. Бұл уақытта ұлы Абайдың сөздері...

Абай Құнанбайұлы дара және дана тұлға. Еңбегі біз үшін таусылмас асыл, рухани қазына. Оның қара сөздері құдды бір жүрекке еніп, қазіргі өмірдің сабағындай болмақ. Бұл уақытта ұлы Абайдың сөздері сәбидің ағзасына ана сүтімен дариды. Ана сүті ағзаға қорек болса, ал Абайдың сөздері санаға қорек. Абайды тек қазақ ұлты емес, бүкіл ұлт, мемлекет таниды. Тіпті өзге мемлекеттер де оған арнап ескерткіштер қойған. Абайды танитын өзге ұлт демек, Қазақстанды танитыны сөзсіз. Абай қаншама ғасыр артта өмір сүрсе де, оның өлең-жыр шумақтары әлі күнгіге дейін ойып алар орны ерекше.

Поэзияда, музыкада, даналықта, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай – қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеймін деген ұрпаққа таңғажайып тұлға. Биылғы жыл –ерекше жыл, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласында Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау мақсатында білім беру саласына үлкен міндеттер жүктеді. Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында Қазақ мектеп-гимназиясы ұжымы іс-шаралар ұймдастыруды басшылыққа алды.

Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы үшін мектебіміздің кітапханасына «Абай – дана, Абай –дара қазақта» атты QR-кодпен негізделген ақпараттандырылған қабырға бұрышы жасақталды. Сонымен қатар рухани және мәдени құндылықтарымыз дәріптеу мақсатында «Абай орталығы» деген атаумен ақынның өмірі мен шығармашылығы, қара сөздері мен «Абай жолы» романы жайлы стендтер мен мұқабалар орнатылды.

Мектебіміздің Абай орталығында бастауыш сыныптарға арналған “Абай-ақылдың ақыны” атты мектепішілік Абай оқулары өтті. Мақсаты: Абай шығармашылығын насихаттау арқылы, қазақ ұлтының мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне оқушылардың ықыласын арттыру. Осы байқауға оқушыларымыз белсенді қатысып диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Халқымыздың маңдайына біткен ұлы перзенті, көсемсөз шебері Абай мұрасын насихаттау мақсатында, мән-маңызы мен қадір-қасиетін ұғынуға, тағылымы мен мол мұрасынан тәлім алуға бағытталған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты 1-11 сынып оқушылары арасында «Абайға арнау эстафетасы» байқау ретінде жарияланды. Өткізілу тәртібі: инстаграм желісі арқылы ақынның шығармашылығынан үзінді оқып, түсірілген бейнебаянды кез келген аккаунттан #abai175jylkmg көрсетілген хэштегте қолданды, қаралым ұпай болып есептелінді. Байқауға мектебімізден 628 оқушы, он сегіз мұғалім қатысты.

Эстафетаның қорытындысы бойынша ең көп қаралым жинаған кішкентай бүлдіршін 1 «Б» сынып оқушысы Аубакирова Жансая 10533 ұпаймен жеңімпаз атанды. Әр сынып бойынша бес жеңімпаз сынып анықталды, әр паралель сынып бойынша 11 жеңімпаз оқушы анықталды. Байқаудың соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтар мен сыйақымен марапаталды.

Ұлттың ұлылығын ұлыстаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізуді мақсат-мұраты еткен Алматы қаласында ұйымдастырылған екінші республикалық Абайтану олимпиадасына мектебіміздің дарынды оқушылары Шұғай Ерасыл, Ерсаинова Тоғжан, Қалел Мөлдір, Дюсенова Шырайлым бақ сынаған болатын. Олимпиада ақын шығармалары бойынша танымдық – теориялық, шығармашылық, логикалық білім-біліктерін сынға салатын екі айналымнан құралған. Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап, бәйгеге түскен оқушыларымыз ерекше белсенділік танытқаны үшін алғыс хат марапатына ие болды.

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу мақсатында мектебімізде әр түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, Тілдер фестивалі аясында оқушыларды Абай поэзиясына, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыстар ұтымды үйлестірілді.

Сонымен қатар, пән мұғалімдері Абай Құнанбаевты тек тарих, , тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл а ң рухани азығы.

толығырақ:https://bilimdinews.kz/?p=88275

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Другие предметы
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота