Заполнить таблицу №1 «Географическое положение Евразии» .
План ответы
1. Определите, как расположен материк относительно экватора, тропиков (полярных кругов) и нулевого меридиана
2.Найдите крайние точки материка
определите их координаты и протяжённость материка в градусах и
километрах с севера на юг и с запада на восток.
(с З-В по параллели 60 с.ш.;
с С-Ю по меридиану 80 в.д
3. В какие климатических поясах расположен материк
4. какие океаны и моря омывают материк с севера
5. какие океаны и моря омывают материк с юга
6. какие океаны и моря омывают материк с запада
7. какие океаны и моря омывают материк с востока
8. как расположена Евразия по отношению к соседним материкам.
Особенности географического положения России:
1. Территория находится в двух частях света, меньшая часть страны расположена в Европе (Европейская Россия) , большая часть в Азии (Азиатская часть России) . При этом наиболее развита в социально-экономическом плане - Европейская Россия, а Азиатская часть страны обладает крупным природно-ресурсным потенциалом. На сегодня в России существует политика, направленная на развитие Восточной части России.
2. Территория граничит с множеством стран (сухопутные границы с 16-тью странами, а морские с двумя) . Этот фактор влияет на геополитическое положение России, создаются особые геополитические условия (как положительные, так и отрицательные) . "Стране нужно дружить с пограничными странами, к сожалению, это не всегда получается". Россия развивать потенциал трансграничных зон.
3. Крупные размеры территории. Большая площадь страны - это разнообразие природных условий (в основном, неблагоприятных) . Из-за этого в стране невозможно осуществление единой сглаженной политики и плана социально-экономического развития (транспортная обеспеченность, развитие общей инфраструктуры городских систем - в т. ч. строительство зданий, продовольственная безопасность и т. д.) . Также большая площадь страны, обусловило, многонациональный состав населения страны. Это тоже влечет за собой множество "следов" в социально-экономическом, инфраструктурном и природоохранном развитии страны.
Күнтізбе (ағылш. calendar) – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.
Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені онсыз шаруашылықты ұйымдастыру мүмкін болмады. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Бірақ дәлдігі нашар, құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи күнтізбелер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойынша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай күнтізбелер алғаш Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады: күн күнтізбесі, ай күнтізбесі және аралас күнтізбелер.
Күн күнтізбесі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын 365 тәулікке теңестіріп, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. Ол Еуропалық күнтізбелерге арқау болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 45 ж. Рим императоры Юлий Цезарь, астроном Созигеннің жобасы бойынша жаңа күнтізбе жариялады. Бұл күнтізбе Юлий күнтізбесі немесе ескі санат деп аталды. Юлий күнтізбесіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықшылығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. Осыны тұрақтандыру үшін Рим папасы Григорий ХІІІ 1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5-қазанды 15-қазан деп есептеу және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елдерде Григорий күнтізбесі қолданылады.
Қазақша-ағылшынша күнтізбе, желтоқсан айы
Алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шықты. Онда әрбір 8 жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақтығы (354.5+384.3):8=365,25 күнге тең болады.
Араб күнтізбесі де Ай қозғалысына негізделген. Араб жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11 жыл 355 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Нақты жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады.
622 ж. арабша 1-жыл. Ол Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге көшіп барған жылы. Жылдардың бұл жүйесі ай һижрасы деп аталады. Араб күнтізбесі араб елдерінде, Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын көптеген елдерінде ресми қолданылады. Еврейлер ертеде Вавилон күнтізбесін қолданған, кейін біздің заманымыздан бұрынғы 4-ғасырда аралас күнтізбеге көшті. Еврейше жыл есебі біздің заманымыздан бұрынғы 3761 жылдан басталады. Яғни сол жылы “дүние жаралған”. Бұл күнтізбе Израиль мемлекетінде қолданылады. Ежелгі түркілер, негізінен, күн күнтізбесін пайдаланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, әзірбайжан, т.б. халықтардың күнтізбелеріне негіз болды. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий күнтізбесі қолданылып келеді.[1]