Ренат Иоганн Густав (туған-өлген жылы белгісіз) — әскери қару-жарақ жасаушы, картограф, Швед армиясының сержанты (артиллерист). Полтава түбіндегі шайқаста тұтқынға түсіп, Тобылғажер аударылды. И.Бухгольцтың экспедициясына қатысты. Ямыш к-нің Коряков жары түбінде қалмақтар оны қолға түсіріп, өздерімен алып кетті. Ол жоңғарларға кітап басуды, зеңбірек құю өнерін және ұрыс кезінде артиллерияны қолдану әдістерін үйретті. Зеңбіректерді пайдалану арқылы жоңғарлар 1723 — 25 жылдары қазақтарды “Ақтабан шұбырындыға” ұшыратты. Оған қоса олЖоңғарияның картасын жасап, оған іргелес Шығыс Түркістан, Балқаш к-н, қазақ қоныстарының біраз жерлерін түсірді. 1733 жылы еліне қайта оралып, арсенал жанында лейтенант болды