В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Оно8885858855
Оно8885858855
05.11.2020 07:31 •  История

Көш тақырыбында әңгіме құрастырындар шамамен 40-50 сөз

Показать ответ
Ответ:
эмилисенок2
эмилисенок2
30.09.2020 17:15

Көш, көшу – бір мекеннен екінші орынға қоныс аударуы. Науқанды жыл мезгілдеріне орай көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшу деп атайды. Дәстүрлі қазақ тұрмысында Көшу, сән-салтанатымен ұйымдастырылған.

Ауыл көші – жыл маусымына және шаруашылық жағдайына сәйкес баспана мен дүние-мүлкін көліктерге ар- тып, төрт түлік малын айдап белгілі бір орынға бет түзеген ауыл. Жыл маусымдарына қарай жүрілетін көштердің ішіндегі ең тартымдысы – жайлауға көшу.

Қыз көші. Ұзатылып бара жатқан қыздың жасау- жабдығын артқан К.-ті төркінінен алыстағанша қыз көші деп аталады.

Келіншек көші. Ал шығарып салушылар қоштасып кері қайтқан соң шартты түрде келіншек көші деп аталады. Он- дай көштің барар жері алыс болса көшті қорғаушы сайлауыт жігіттер ере жүреді .

Ерулеп көшу – жол-жөнекей бірнеше күн аялдап, мал мен жанды тынықтырып алу жолымен көшу тәсілі.

Үдере көшу – тез жиналып, суыт аттану және қажет болғанда «қомды шешіп, теңді шешпей» аялдау жолымен жалғаса беретін көшу жолы. Бейбіт жағдайда үдері көшу тәсілі алысқа бағытталған көштің қолайсыз аймақты көктей өтуі кезінде қолданылған. Өйткені қар суы кетпей тұрып Бетпақдала, Мойынқұм, Борсық құмы, Маңғыстау, Үстірт, Атырау маңы ойпаты, Қызылқұм сияқты табиғаты қолайсыз аумақты басып өту үлкен ұйымдастырушылық шеберлікті талап етеді. Қазақтың көшпелі қоғамын зерттеуге өшпес үлес қосқан профессор С.Толыбеков түс ауғаннан соң басталған көшті үдере көш ретінде қарастырды.

Тасымалдап көшу. Көшуге көлік жетіспеген жағдайда тасымал тәсілмен көшеді. Оның мәні ауылдың бір бөлігі күнделікті тұтынбайтын артық жүктерін барар жерге күнібұрын апарып тастап, ертеңінде баспаналарды таси- ды. Мұны кейбір өңірде жүк салып көшу деп те атайды. Мал жұттан шыққан жылдары көлік тапшылығы айқын сезілетіндіктен, ауылдың бір бөлігі алдымен көшкен соң арттағы малшы, қосшы, жарлыларға көлік жіберіп көшірді. Мұндай, бөлініп көшу де тасымал көш түріне жатады

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: История
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота