Какое из утверждений ошибочно? (только одно)
Второе народное ополчение во главе с Дмитрием Трубецким было создано в Нижнем Новгороде
В июле 1610 Россией стало управлять правительство из семи бояр во главе с Михаилом-Скопин Шуйским
Первое народное ополчение во главе с Прокопием Ляпуновым было создано в Рязани
В июне 1611 года войска Сигизмунда III заняли Смоленск
Сына Марины Мнишек и Лжедмитрия II Ивана в народе прозвали "ворёнком"
Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады.
Өзінің қол астындағы халықты дұрыс басқару үшін Абылай үш жүздің әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеуші етіп тағайындады. Ол сот билігін күшейте түсті. Сонымен қатар белгілі қазақ билерінің және батырларының беделіне арқа сүйеді. Сондай күшті, ықпалды саяси тұлғаның бірі Бұқар жырау Абылайдың кеңесшісі болды. Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты. Ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналасуына қолдау көрсетті.
Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру процесіне басшылық етті және ұланбайтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады. Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда аса маңызды рөл атқарды. Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай ішкі аймақтарға жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алуға қол жеткізді. Алатау қырғыздарының қазақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты.