В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Sunanam
Sunanam
30.01.2020 08:51 •  История

Кестеде көрсетілген ежелгі діни наным-сенімдерге сипаттама беріңіз. Діни наным-сенім түрі Сипаттама
Тотемизм

Анимизм

Фетишизм

Магия

Показать ответ
Ответ:
ruslana0404
ruslana0404
03.12.2020 14:40

ответ:Тотемизм Алғашқы діндер ұзақ даму эволюциясынан өтті. Қоғаммен бірге дінде дамыды. Алғашқы діндердің бірі тотемизм немесе табыну. Тотемизм - адамдардың жануарларға, ағаштарға, құстарға, аңдарға ерекше бір қасиеттердің иесі ретінде табынуы.

Сонымен қатар түрік тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары - әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бұрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес.

Анимизм (лат. аnima - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин немесе жансыз дүниенің жаны бар деп түсіну және соған табыну. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгізген. Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелі», «қасиетті» жер бедерлері мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшін қоршаған орта киелі таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Ағаштарға киелі деп шүберектер байлап кету және сол ағаштардан қандай да бір жәрдем қорған сұрау анимизмнің белгілері. Анимистік әдет-ғұрыптар дәстүрлік сипатқа ие болған және олардың ешқандай діни сипаты жоқ.

Анимистік діни ұғымдар солтүстіктің аз халықтарында нанайларда, ненецтерде, эвенкілерде, хахастар, буряттарда, т.б. көбірек кездесар үшін қоршаған географиялық ортаның өте маңызды болғаны белгілі. Адам табиғаттың дүлей күштері алдында өзін дәрменсіз сезініп, оған бағынышты күй кешті. Осыдан әр түрлі табиғат денелеріне: тасқа, ағашқа, аң-құстарға, суға, күнге табыну пайда болды. Осылар фетиш (португал тілінде – ерекше қасиеті бар зат) болып табылады. Яғни фетишизм - адам құдірет күші бар, жаудан қорғайтын, емдейтін қасиеті бар деп сенетін әртүрлі дүние объектілерін қастерлеу. Фетишизм сарқыншақтары күрделі діндерде де кездеседі. Мысалы, христиан дінінде иконалар, шірімей сақталған мүрделер; исламда Меккедегі Қағбаның қара тасына табыну, әулиелер жатқан мазарларды қастерлеу және т.б., буддизмде Лхасадағы реликвиялар, субурган (қасиетті ступа, қасиетті ғимарат) табыну.

Фетишизм. Алғашқы адамдар үшін қоршаған географиялық ортаның өте маңызды болғаны белгілі. Адам табиғаттың дүлей күштері алдында өзін дәрменсіз сезініп, оған бағынышты күй кешті. Осыдан әр түрлі табиғат денелеріне: тасқа, ағашқа, аң-құстарға, суға, күнге табыну пайда болды.

Магия. Объективті шындық дуниеге магиялық әдіспен әсер етуге наным алғашқы адамдардың табиғаттың заңдарын білмеуінен, олардың табиғат алдындағы әлсіздігінен шыққан. Магияның әр түрлі әдістері бар, олардың сипаты белгілі бір мақсатқа бағытталғандығына байланысты. Оларды былайша бөлуге болады - өндірістік немесе кәсіптік магия.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: История
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота