В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Vitaliy55555
Vitaliy55555
20.09.2022 20:01 •  История

Обалардың мұртты деп аталу себебі
От меня подписка​

Показать ответ
Ответ:
salgis
salgis
26.01.2021 12:00

Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7–4 ғасырлар). Толық емес мәліметтер бойынша Қазақстанда 300-ден астам мұртты обалаға жататын ескерткіш тіркелген. Оларды Ә.Х.Марғұлан, К.Ақышев, М.П.Грязнов, Ә.Оразбаев, М.Қадырбаев, С.М.Ақынжанов, Ф.Арсланова, С.С.Сорокин, А.Бейсенов, А.Таиров, С.Г.Боталов, т.б. зерттеді. Оның негізгі бөлігі (80%-дан астамы) Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінің жәдігерлері. Қалғандары Шығыс Қазақстан жерінде шоғырланған. Мұртты обалар Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады. Құрылымдық жағынан да, семантикалық өрісі жағынан да күрделі құрылыстарға жатады. Ғалымдардың типологиялық сипаттамалары бойынша, құрылымдық-планиграфиялық ерекшеліктері тұрғысынан бірнеше түрге ажыратылады: 1) кешенде негізгі және қосалқы обалар бірлесе орналасады; 2) тек қосалқы обаның өзі ғана беріледі.

Бірінші жағдайда кешен адам жерленген үлкен обадан, оның шығысында орналасқан ғұрыптық қосалқы кіші обадан және қосалқы обадан шығысқа қарай тартылған екі жарты доға тәрізді иілген «мұрттан» тұрады.

Екінші жағдайда кешенде қосалқы оба ғана болады. Қосалқы обада адам жерленбейді, тек жылқы сүйектері мен қыш ыдыстар қойылады. Үлкен обаға мұртшалы ғұрыптық оба күншығыстан тіркеседі.

Мұртты обалар кешенінің барлық мағынасын ашып тұратын да осы ғұрыптық оба. Оның астында жылқы қаңқасы немесе жекелеген сүйектері (көбіне бас сүйек), ал одан шығысқа қарай қыш ыдыс қойылады. Шағын құрылыстар астынан аз мөлшерде күл, кейде мал сүйектері табылған. Бір топ ғалымдар мұртты обалар кешенінің семантикасын ашу барысында мұны жылқыға, күн (от) тәңіріне табыну, ежелгі ата-баба рухын қастерлеу сияқты дәстүрлермен байланыстыратын жалпы сипаттама жасады. Ғылымда ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларын таза парсы тілдес орта ретінде сипаттау қалыптасқанын ескерсе, Мұртты обалардың түркілік дәстүрлерге бейім келуі ерекше назар аудартады. Мұртты обалар құрылымы және семантикасы жағынан көне түркілердің тас мүсін, балбалдармен бірге орналасатын ғұрыптық қоршауларына өте жақын келеді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: История
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота