В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Даниил986
Даниил986
13.05.2021 04:37 •  История

Жеке басқа табыну саясатына талдау жасау

Показать ответ
Ответ:
Lerkalerusya
Lerkalerusya
24.09.2021 23:30

Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау.[1]

Жеке басқа табыну, көбінесе, авторитарлық және тоталитарлық жүйедегі мемлекеттерге тән, әйтсе де аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі (мысалы, Шарль де Голь басқарған шақтағы Франция). Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде жеке басқа табыну жалпыға бірдей ортақ, “бірден-бір ақиқат” идеология арқылы жүзеге асырылады. Мұндай идеологияның көсемдеріне пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер таңылады.

Жеке басқа табынудың негізгі тірегі — мемлекет басшысын ұлттың асыраушысы ретінде қабылдайтын патриархалдық сана және “әділ патшаға” үміт артуға негізделген бодандық саяси мәдениет болып саналады. Жеке басқа табынудың пайда болуының басты себебі қоғамдағы билік тармақтарының түгелімен бір адамның қолына шоғырлануы, сол арқылы адамдар тағдырының өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне (қайырымдылығына) тәуелділігі. Саяси тұлғаға жан-жақты тәуелділік қалың бұқара санасына сіңісті болып, жүйелі түрде идеологиялық өңдеуден өте келе “құдіреті күшті” басшының алдында халықты құлдық сезімде ұстап, жарамсақтық, жағымпаздық психология қалыптастырады.

Жеке адамдардың азаматтық құқықтары аяққа тапталып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да осындай жағдай қалыптасты. Жеке басқа табынудың соңы әр түрлі ауыр зардаптар әкелетіндігіне қарамастан, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Ирак, Солтүстік Корея, Куба, т.б.) әлі күнге дейін сақталып отыр. [2]

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: История
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота