Жұмысшы Табы, пролетариат – индустриялық қоғамның әлеуметтік тобы, ол көбінесе, дене еңбегімен айналысатын жалдамалы адамдарды қамтиды. 19 ғасырдың орта шенінен бастап Еуропада өнеркәсіптік пролетариат пайда болды, Жұмыс табының кәсіподақтары мен саяси партиялары, халықар. бірлестіктері қалыптасты. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап дамыған индустриялы елдерде ғылыми-техникалық прогреске, қызмет көрсету саласының ұлғаюына, т.б. байланысты Жұмыс табының саны біршама азайды (белсенді халықтың 50%-нан кем), Жұмыс табының тұрмыс деңгейі, мәдени дамуы, т.б. бойынша басқа әлеум. топтармен ара жігі жойылды; түрлі әлеуметтік-кәсіптік жіктерді қамтитын Жұмыс табының өзінің де құрамы өзгерді. КСРО-да, басқа да бұрынғы социолистік елдерде Жұмыс табы. қоғамның гегемоны, басқарушы күші деп жарияланды, бірақ тоталитарлық жүйе жағдайында ол өз мүдделерін білдіру және қорғау мүмкіндігінен мүлдем айырылды.[1]