1. 2. 3. 4. Білу Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы туралы не білдіңдер? «Қырық мысал» қандай жинақ? А.Байтұрсынұлы кімнің шығармаларын аударды? «Егіннің бастары» мысалында әкесі мен жас бала қайда келеді? Олар нені көреді?
Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық. Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен. Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс. Ал екінші бақытым- Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс. Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет. Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!
Қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әкенің орны ерекше де, шеше орны ерекше .Әке- отбасының тірегі, ал шешені әке де, балалар да сыйлайды. Мен Қостанай қаласында тұрамын. Мен физика-математикалық лицейде, 10-ыншы «Б» сыныпта оқимын. Отбасымызда үш адам бар. Олар: әкем, шешем және мен. Менің сіңілі(қарындас),інім, әпкем жоқ. Әкемнің аты-жөні –Самат Елтайұлы, ол басшы болып жұмыс істейді. Әкем 35-те. Ол орта бойлы, қара торы. Ол бауырмал, байсалды және жұмсақ мінезді. Шешемнің аты-жөні –Гүлжан Маратқызы , ол дәрігер. Шешем 35-те, ол орта бойлы, қара көзді, қара шашты. Шешем мейрімді және ақылды адам. Анам, әкем екеуі бір-бірін сыйлайды, бір-біріне сенеді. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және ата-анамды құрметтеймін. Біздің отбасымыз тату тұрады.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!