В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Геймеr228
Геймеr228
09.05.2020 14:58 •  Қазақ тiлi

1. «Алып Ер Тұңға» дастаны туралы мәтінді мұқият оқып шығыңдар. Орталарыңнан жүргізуші сайландар. Әрқай- сысың мәтінге сұрақ құрастырып, жүргізушіге беріңдер. Барлығың сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген сұрақты алып, жауабын ойластырыңдар. Өз жауаптарыңды талдап, берілген мәтін тәртібі бойынша құрастырыңдар. Өздерің құрастырған мәтінді әңгімелеп беріңдер, оқу мәтінімен салыстырыңдар. 2. Синквейн әдісін қолданып, «Жоқтау», «Алып Ер Тұңға» сөздеріне қатысты бестармақ құрастырыңдар: Бірінші жол - тақырыптың атауы (зат есім). Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім). Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік). Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы. Бесінші жол - тақырыптың мәнін ашатын бір синоним сөз. 3. Жырдан ауыспалы мағыналы сөздер мен тұрақты тіркес- терді, көркем ауыстыруларды теріп жазыңдар. 4. Жыр мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер табыңдар мағынасын түсіндіріңдер. 6 класс

Показать ответ
Ответ:
gasymov1974
gasymov1974
05.03.2022 13:24

Ана тілім – дана тілім.

Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының

ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім -

қазақ тілі.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының

мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі,

шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты,

көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай

әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің

Мәңгілік тілі!

Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең

бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ

халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін

біле білген халқымыз оны ұлттың рухына,

қазына байлығына балайды. Себебі не?

Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай

кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды

мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.

Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз,

ана тіліміз қазақ тілі.

Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі,

құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен

бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы

әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан

балаға мирас болып қалып отыратын

баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана

тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның

орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс.Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты

байлығымыз.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр

ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы

Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы

тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің

ең басты дүниесі тек қана байлық емес,

сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»

деген болатын. Қадыр Мырза Әли атамыз

айтқандай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

0,0(0 оценок)
Ответ:
МарвиСК
МарвиСК
05.03.2022 13:24

Менің бала көңілімдегі ойлар тізбегі алдымен «Менің атым Қожадағыдай» көз алдымнан өтетіндей. Себебі, бала кезімізден Қожа туралы кино көріп өстік. Кейіннен кітабын қызығып оқыдық. Ауылда Қожа мен Жанарға, Жантасқа  ұқсайтын балалармен дос болдық. Кітабындағы әр кейіпкер жанымызға жақын болды. Мектеп директоры мен Майқанова апай ше? Шыр-шыр етіп, балаларға білім береді, жақсы, тәрбиелі болуға шақырады. Міне, осы кітап арқылы біз өзіміздің жақсы-жаман жақтарымызды біліп, ой қорытамыз.

Иә, кітап – менің ақылшы досым.  Кітап – әрі, бар білім-ғылымның қайнар көзі. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың дамуына қарамастан, кітаптың алатын орны мен үшін өзгермейді. Ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренесің.

«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған шығар. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық. Өмірге келген жас бала, негізінен тәрбиені үш ортадан көріп, біліп алады. Ол – отбасы, жүрген ортасы және білімі. Мен өзім осы үш ортадан тәлім алып, ақыл түйемін. Егер бала үнемі кітап оқыса ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұғады, неден үйреніп, неден жирену қажеттігін түсінеді деп ойлаймын.

Халқымызда «Кітап – рухани азық», - деген сөз бар.  Кітап біздің балаң санамызға зор білім құя отырып, біздің ақыл-ойымызды тәрбиелейді. Мен үшін, кітап - адамгершіліктің қайнар көзі. Себебі, жақсы-жаман, ақ-қара, қуаныш-мұң деген дүниелерді терең сезіне отырып, кітаптағы кейіпкерлерден көп нәрсе үйренемін. Олармен бірге қуанамын, жылаймын, олардың жақсы іс-әрекетіне сүйсініп отырамын.

Анам да үнемі маған «Кітап – сенің досың, өмірлік үлкен тәрбиешің, үйретуші ұстазың» деп айтып отырады. Сондықтан біздің кітаптан үйренеріміз өте көп, кітапты оқу арқылы әлемнің  әр түкпіріне саяхат жасап, өмірді танып, қаншама кейіпкерлер арқылы адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата аласың.

Біздің үйімізде үлкен кітапхана бар. Онда қасиетті «Құран» кітабынан бастап, қазақтың бас ақыны Абайдың кітабы, қарасөздері бар. Одан бөлек өзім туған мекен туралы «Жетісу», «Жерұйық мекен – Жетісу» энциклопедиясы, тарихи «Көшпенділер» трилогиясы, балаларға арналған түрлі әртегілер, танымдық энциклопедиялар, ұлы ақындар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаевтардың поэзиялық шығармалары бар. Мен былтыр жазушы Оралхан Бөкейдің әңгімелері мен Мұқағалидің өлеңдерін оқып шықтым. Көп нәрсені ойыма түйдім. «Жетім ботадағы» ботаға жүрегім ауырды.  

Кітап – менің алтын қазынам. Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді. Сондықтан кітапты қастерлеу керек деп білемін.

Объяснение:

Ұзаұ болса өзің қысқартып ал

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота