В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Дони1214
Дони1214
14.03.2023 17:10 •  Қазақ тiлi

1. антонимдік қатар. a) биік-биігірек. b) ащы-аласа. c) жұқа-арық. d) төмен-аласа. e) жоғары-төмен. 2. мезгілді білдіретін антонимдік қатар. a) аспан-жер. b) киім-кешек. c) ерте-кеш. d) қазан-ошақ. e) орман-тоғай. 3. ұяң дауыссыздан басталған қосымша. a) мектептің. b) қаланы. c) оқушы. d) қағаздар. e) сыныпқа. 4. жұрнақсыз сөз. a) сарылау, көгілдір. b) құстай, жақсырақ. c) сары, сегіз. d) біреу, оныншы. e) білімді, қызықты. 5. ілік септігіндегі есімдік. a) бізге. b) ешкімнің. c) маған. d) әлдекімді. e) өзіме. 6. қатыстық сын есім. a) қызыл. b) жақсы. c) таулы. d) сары. e) жасыл. 7. заттың, құбылыстың, мезгілдің аты ғана аталып көрсетілетін жай сөйлемнің түрі. a) жақсыз сөйлем. b) жалаң сөйлем. c) жақты сөйлем. d) толымды сөйлем. e) атаулы сөйлем. 8. тұрлаулы сөйлем мүшелері. a) бастауыш, анықтауыш. b) баяндауыш, анықтауыш. c) бастауыш, баяндауыш. d) толықтауыш, пысықтауыш. e) пысықтауыш, толықтауыш. 9. «мақтау» сөзінің синонимі. a) төбеге көтеру. b) сөзге келу. c) тіс жармау. d) тілге келмеу. e) сөз байласу. 10. дұрыс жазылған сөздер қатары. a) халқы, орны. b) екіеу, екі. c) алтыау, алты. d) халықы, бақыты. e) жетіеу, жеті. 11. сөйлемдегі дыбыс және әріп саны сәйкес келмейтін сөздер. сен мына оюыңды сатасың ба? a) сен. b) ба. c) мына. d) сатасың. e) оюыңды. 12. сұраулық демеулік. a) көрме ашылды(ма). b) жақсы жарна(ма). c) ешкімді алда(ма). d) далаға бар(ма). e) облыстық басқар(ма). 13. «оқыс» сөзінің етіс түрі. a) ортақ. b) ырықсыз. c) өзгелік. d) өздік. e) күрделі. 14. фразеологиялық тіркестің синонимі. екі езуі екі құлағына жету. a) тыңдау. b) ашулану. c) қуану. d) достасу. e) ренжу. 15. туынды зат есім жасайтын жұрнақ. a) -лар, -лер, - дар, -дер. b) -шық, -гіш, -гер. c) -ның, -нің, -дың, -дің. d) -мын, -мін, -пын, -пін. e) -ға, -ге, -қа, -ке. жақсылардың жақсысы баяғыда бір бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. үйдің айналасы бау-бақша екен. бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. ол ылғи да жабық тұрады екен. сонда әкесіне қызы: - әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді. - оның дұрыс, қызым. жақсылардың ең жақсысы сонда. бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі. қыз есейіп, бойжеткен атанады. әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. қыз әкесіне: - әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді. - міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! ұршық болса, өнерің жанады. ал кітап оқысаң, білімің артады. жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі. 16. кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқаa) қыз есейіп, бойжеткен атанады.b) сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.c) ал кітап оқысаң, білімің артады.d) - міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар.e) - оның дұрыс, қызым. жақсылардың ең жақсысы сонда.17. мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақал-мәтелa) еңбегіне қарай өнбегі.b) еңбек еткен – емерсің,ерінбесең – жеңерсің.c) еңбек ет те міндет ет.d) кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.e) жалқаулық – жаман ауру.18. мәтіндегі «жақсылардың жақсысы»a) жарық бөлме, жабық бөлме.b) әсем үй, жабық бөлме.c) ұршық, кітап.d) ата-ана, ас.e) бау-бақша, байлық.19. мәтінде кездесетін ң жас атауыa) ) ) қызd) бойжеткенe) сәби20. негізгі ой айтылған сөйлемдіa) баяғыда бір бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. үйдің айналасы бау-бақша екен.b) жақсылардың ең жақсысы сонда. бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. сен оған өмір бойы риза боласың.c) әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. қыз есікті ашқанда, тек ұршық, кітапты көреді.d) әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын.e) дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады.

Показать ответ
Ответ:
Artobotik
Artobotik
03.10.2020 08:59

1. Антонимдік қатар.

E) Жоғары-төмен.

2. Мезгілді білдіретін антонимдік қатар.

C) Ерте-кеш.

3. Ұяң дауыссыздан басталған қосымша.

D) Қағаздар.  (Ұяң дауыссыздар:б,в,г,ғ,д,ж,з,һ)

4. Жұрнақсыз сөз.

C) Сары, сегіз.

5. Ілік септігіндегі есімдік.

B) Ешкімнің.

6. Қатыстық сын есім.

C) Таулы.  ( Қатыстық сын - есім сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.Тау+лы.)

7. Заттың, құбылыстың, мезгілдің аты ғана аталып көрсетілетін жай сөйлемнің түрі.

E) Атаулы сөйлем.

8. Тұрлаулы сөйлем мүшелері.

C) Бастауыш, баяндауыш.

9. «Мақтау» сөзінің синонимі.

A) Төбеге көтеру.

10. Дұрыс жазылған сөздер қатары.

A) Халқы, орны.

11. Сөйлемдегі дыбыс және әріп саны сәйкес келмейтін сөздер.

Сен мына оюыңды сатасың ба?

E) Оюыңды.  ( ю әріпі йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.Бұл сөзде 6 әріп,7 дыбыс.)

12. Сұраулық демеулік.

A) Көрме ашылды(ма).  (Сұраулық демеулік шылаулар:ма,ме,ба,бе,па,пе,ше.Көрме ашылды ма?)

13. «Оқыс» сөзінің етіс түрі.

A) Ортақ.

14. Фразеологиялық тіркестің синонимі.

Екі езуі екі құлағына жету.

C) Қуану.

15. Туынды зат есім жасайтын жұрнақ.

B) -шық, -гіш, -гер.

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қызы:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.

Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:

- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.

16. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа

E) - Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.

17. Мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақал-мәтел

E) Жалқаулық – жаман ауру.

18. Мәтіндегі «жақсылардың жақсысы»

C) Ұршық, кітап.

19. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы

D) Бойжеткен

20. Негізгі ой айтылған сөйлемді

E) Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота