1. Қазақтың тұңғыш ғалымы туралы әңгімелеудің жоспарын 2. Шоқанның ғалым болып қалыптасуына ықпал еткен адам-
құрыңдар. Мәтіннің тірек сызбасын жасаңдар.
дар туралы қосымша мәліметтер дайындаңдар. Мәліметте-
ріңнің қызықты, тартымды болуына назар аударыңдар.
3. Шоқанның ғылымға қосқан үлесі, зерттеу еңбектері ту-
<
ралы айтып беріңдер.
4. «Ыстықкөл сапарының күнделігі» негізінде Шоқан саяха
тының картасын жасаңдар.
5. «Ыстықкөл сапарының күнделігінде» қандай география
лық атаулар кездеседі? Олар туралы не білесіңдер? Үсь
нылған кестені толтырыңдар:
Еңлік – Кебектегі» Нысан абыз өмірде болған адам ба?
Иә, Нысан есімді абыз XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Ол «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» қайғы-қасіретін, халықтың азып-тозып барып, қайта ел боп құрылған қуанышын көрген. Жаугершіліктен іркіттей іріген жұрттың сүттей ұйып келе жатқан тұсында кез болған. «Жолсыз жазаны» алдын ала болжап, зар запыранын төгеді. Еңлік пен Кебектің «жазмыштан пешенесіне жазылған» ажал үкімін ол шынымен қобыз сарнату арқылы болжап білді ме? Кебектің бал аштырып, болашағын болжатқаны рас па?
Көшпелі өмір тұрмысында абыз қандай әлеуметтік-рухани орын алды, ол жағын кесіп-пішіп, үзілді-кесілді тұжырым жасау қиын. Ел басқару, рулы елді бітімдестіру, жер, жесір дауын шешу – бидің құзырына қараған. Дұшпаннан қорғау – батырдың паразы. Жұртты жұбатып-уату, еңсесін сөзбен сергіту – жыраудың тілінің ұшында. Дін – молданың қолында. Сонда абыз кімнің мүддесін қорғады?
Әрине, халықтың. Бірақ бұл Мұхтар Әуезовтің 1943 жылы қайыра жазған «Еңлік – Кебек» пьесасындағы Нысан абыз образынан соңғы қалыптасқан үғым. Тек, ішінара, қолына аса таяқ ұстаған, ақ сақалы кеудесін жапқан баба кейіпкерлердің түсінде аян береді. Ал дін уағызы күшейе түскен XIX ғасырдың екінші жартысындағы хиссаларда ол образ Қызыр пайғамбарға ауысқан. Соған қарағанда абыздың бойында ерекше бір көріпкелдік, болжағыштық қасиет болу керек сияқты. Қазақтың жауырыншы,тәуіп, бақсы ұғымдарының басын қосқан, оның үстіне ақындық қасиеті бар тұлғаны абыз деп таныған іспетті.