1. Бірыңғай еріндік дауысты дыбысы қатысқан сөздерді табыңыз. А) Бөрік, бөлек. В) Үйрек, үлгі. C) Өрен, ерен. D) Оқу, өлең. E) Өсу, өну. 2. Үнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көрсетіңіз. А) Мереке. B) Жаңбыр. C) Бәйтерек. D) Әрекет. E) Тәуелсіздік. 3. Бір затқа ғана берілген атауды табыңыз. А) Жұрттың бәрі тыңдады. B) Сол өнерпаздың әнін тыңдайық. C) Біздің ортамызға Жәнібек Кәрменов келді. D) Халық дән риза болды. E) Ешбір дайындықсыз шырқаған. 4. -даған, -деген жұрнақтары арқылы жасалған сан есімнің мағынасына қарай түрін анықтаңыз. A) Реттік. В) Топтау. C) Есептік. D) Болжалдық. E) Бөлшектік. 5. Бастауышы мен баяндауышы сын есімнен жасалған сөйлемдерді көрсетіңіз. A) Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. B) Мен – студентпін. C) Анау - көршінің қызы. D) Ақылды — өз басымен ақылды. E) Бұл – көршілердің дауы. 6. Сұраулы сөйлемді табыңыз. А) Салауатты өмір салтын қолдаймын B) Белгілі ережелерді сақтасақ, өмірді узартуға болады C) Адам өмірін ұзарту мүмкін бе D) Денсаулық әркім үшін қажет E) Бүған әрбір адам міндетті
Ха́тим ат-Та́и (Хатим-Тай, араб. حاتم الطائي; ум. 578) — прославленный арабский поэт VI века из племени тай, отец сподвижника Мухаммеда Ади ибн Хатима. Исследователи считают, что образ Атымтая (Хатимтай, Хатымтай) из фольклора народов Востока восходит к Хатиму ат-Таи. Сюжеты о Хатиме широко распространены на Востоке: от арабов они перешли к другим народам Ближнего и Среднего Востока и Средней Азии — иранцам, азербайджанцам, туркменам, казахам. В сюжетном и жанровом отношении произведения о Хатиме ат-Таи
Дәрігер болғым келеді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.