В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
wehhc
wehhc
21.06.2020 01:56 •  Қазақ тiлi

1.Басқарма ауылға ... бала әкелді. 2. Ахмет ... неміс баласы Зигфридті таңдайды. 3. Зигфрид Зекен Ахметұлы Бегімбетов ... кетеді. 4. Зигфрид ... жігіт болып өседі. 5. Өсе келе ... қарай қадам басып, бас зоотехник болады

Показать ответ
Ответ:
egor51t76rc
egor51t76rc
15.05.2023 11:41

ответ:Еліміз жаңарып, қуаты артып, үлкен қиыншылықтарға ұшырамай дамып келеді. Қоғамдағы өзгерістер өте жылдам. Адамның санасындағы жаңашылдық технологияны және қоршаған ортаны мүлдем өзгертіп жіберді. Осындай тарихи уақытта қандай мемлекет болмасын өзінің дамуы мен өмір сүру жолдарын, мүмкіндіктерін және алдағы болашағын анықтап алуға ұмтылады. Қазақстан халқына осы тарихи міндетті шешіп берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы. Биылғы Жолдаудың ең басты ерекшелігі – оның халықты болашақта шешілетін мемлекеттік міндеттерге бетбұрыс жасатуы.Жолдауда халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді. Оның бірі – болашақта Қазақстан Республикасы, Қазақстан атауын Қазақ мемлекеті атауы­мен алмастыру. Елбасы қазақ халқының өзекжарды арманы болып келген проблеманы көтерді. Қазақстан Республикасы, Қазақстан атауларының да түп-тамыры қазақ ұлты екендігі, осы жердің тарихи иесі қазақ ұлты екендігі күдік тудырмайды. Бірақта осы атауларда қазақ ұлтының ғасырлар бойы бодан болғандығының белгісі, таңбасы әлі күнге дейін сақталып тұрғандай сезінетінбіз. Қазақстан көпэтникалық, көп халықтар отаны

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
khsush
khsush
24.05.2020 11:37
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТI — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр”, «Алпамыс”, «Ер Тарғын”, «Қамбар батыр”, т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар («Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, «Қыз Жiбек”, т.б.) қазiргi Қ. ә-нiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ. Ауыз әдебиетi.
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота