1. Бас әріппен келген сөздердің дұрыс жазылғандарын табыңдар.
А) Ұлы жібек жолы
В) қазақстаның Еңбек сіңірген қайраткері
C) Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік Феде-
рация
D) Fылым академиясы
2. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөзді белгілеңдер.
А) қазақ елінің қаһарманы
B) инновациялық еуразия университеті
С) білім және ғылым министрлігі
D) біріккен Ұлттар ұйымы бас ассамблеясы
3. Емле ережесі бойынша жазылған сөзді белгілеңдер.
А) ойсылқара
В) Қамбарата
C) Ер Тарғын
D) Біржан Сал
4. Атаулардың барлық сөзі тек бас әріппен жазылатын ере-
жені белгілеңдер.
А) Халық, ұлт, тайпа аттары
В) Кісі аттарымен келген оңашаланған айқындауыш
C) Әртүрлі мекемелердің атаулары
Д) Мемлекеттердің, республикалардың, жоғарғы меке-
мелер мен ұйымдардың күрделі атаулары
5. Емле ережесі бойынша жазылған сөзді белгілеңдер.
А) Сағатпек
В) 9-мамыр
C) Наурыз мейрамы
D) Қазақстан-Ресей Келіссөзі
6. Ғылыми стильдің ерекшелігін белгілеңдер.
А) Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және
формулаларға негізделеді.
В) Сөйлемдер сауатты құрастырылып,
құрастырылып, бастауыштық
қатынаста болады.
C) Образды сөздер көптеп кездеседі.
D) Арнайы сөйлемдер қолданылып, көркем сөздермен
әсіреленеді.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Объяснение: