В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
natasha20042
natasha20042
18.11.2021 08:17 •  Қазақ тiлi

1. Буын түрін анықтаңыз.A) Тұйық.В) Жалғау.С) Жалаң.D) Буын.Е) Тасымал.
2. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.А) Септік.В) Жіктік.D) Көптік.C) Тәуелдік.Е) Етістік.
3. Жуан, жіңішке сөздерге бірдей жалғана беретін жалғау қайсысы:А)-сыз,-сіз.В) -ның, -нің.С) -мын, -мін.D) -тар, -тер.Е) -мен,- пен.
4. Тасымалдауға келмейтін сөздер қатарын көрсет:А) жастар, кілт, анаВ) қалам, жаз, қант.С) кітап, дәптер, оқы.D) бас, аяқ, қол.Е) арман, мақсат, ой.
5. «Қоян жүрек» фразеологизмінің мағынасын табыңыз.A) Қорқақ.В) Әлсіз.С) Салмақты.D) Батыр.Е) Күшті.
6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.А) Іс, сапар.B) Кінәлі, айыпты.С) Апару, әкелу.D) Жұмысшы, оқушы.Е) Мәртебелі, сыйсыз.
7. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:А) Оқушылар. В) Көйлектер.С) Қонақтар.D) Қайындар.Е) Дәптер.
8. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.А) Сапар.В) Айман.С) Алпыс. D) Азат.Е) Аймақ
9. Баяндауышты табыңыз. Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.
В) Жылқұстары.
С) Жылы.
D) Ұшыпкетеді.
Е) Жакқа.
10. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап:
А) Ғылым таппай, мақтанба.
В) Жаңа кітаптар алмақ болып, мен дүкенге бардым.
С) Мен келген кезде, қоңырау соғылды.
D) Сабақты жақсы оқыса, озат оқушы болады.
Е) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.
11. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым.
В) Аш, ат, от.
С) Есім, мысал, көп.
D) Ал, жай, көр.
Е) Ет, кет, аса.
12. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма.
В) Сеніңбалаң.
С) Ешкіміңжоқ.
D) Жақсыңқайсы.
Е) Біреуің кел.
13. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттыңсанынбөлшектепкөрсетеді.
В) Заттыңдәлнақтысанынбілдіреді.
С) Заттыңсанынтоптапкөрсетеді.
D) Заттыңреттіксанынбілдіреді.
Е) Заттыңсанынжинақтапкөрсетеді.
14. «Бала» сөзінеқосылатынқосымшаныанықтаңыз.
А) - шы.
B) - лық.
С) - тың.
В) - лік.
Е) - ші.
15. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.
A) Қашанғадейін?
В) Не себепті?
С) Неге?
В) Неліктен?
Е) Не мақсатпен?

16. Синоним сөздердітабыңыз.
А) Бас, аяқ.
В) Мұғалім, оқушы.
С) Бас, жақ.
D) Әдемі, сұлу.
Е) Үлкен, кіші.
17. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.
A) Серт.
В) Уәде.
С) Болжам.
Б) Қағида.
Е) Ереже.
18. Сұрауесімдіктерінкөрсетіңіз.
А) Кім, не.
В) Ешкім, ештеңе.
С) Ешқашан, ешбір.
D) Олар, сендер.
Е) Анау, мынау.
19. Сөйлеммүшелерініңсанынанықтаңыз
A) 5.
B) 4
С) 3.
D) 2.
Е) 6.
20. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ж, 3.
В) У, X.
С) Ң, Й.
D) Л, Р.
Е) Ғ, Г.
21. Дара сын есімдікөрсетіңіз.
А) Ақ.
В) Қараала.
С) Қаракөк.
D) Қызылсары.
Е) Ақ ала.
22. Реттік сан есімдітабыңыз.
А) Он бір.
В) Он - он бес.
С) Екібүтіноннанүш.
D) Он бірінші.
Е) Отызтоғыздан.
23. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол.
В) Тазалық.

С) Сынып.
D) Жаңа.
Е) Бол.
24. Тура мағыналысөздітабыңыз.
А) Суықсөз.
В) Ыстықықылас.
С) Ақниетті.
D) Жақсыадам.
Е) Тереңойлы.
25. Антоним сөздердітабыңыз:
А) Биік, аласа.
В) Кілтпенашты.
С) Әдепті бала.
D) Әдейі, арнайы.
Е) Қалаға барды.
26. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын анықтаңыз.
Олжақсыоқыса, университеткетүседі.
А) Қарсылықты.
B) Шартты.
С) Себеп.
D) Мақсат.
Е) Мезгіл.
27. Одағайы бар сөйлемдікөрсетіңіз.
А) Қазіргікезде интернет ешкімге де таңемес.
В) Жастардыңкөбіжеңілмузыканыұнатады.
С) Интернет жүйесіарқылыжүң.
D) Ах! Болат сен кешегі гала-концерттікөрдіңбе?
Е) Билл Гейтс - қазірдүниедегіең бай адам.
28. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала.
B) Меніңәжем.
С) Алтыадам.
D) Әдеміқыз.
Е) Жетіқыз.
29. Пысықтауышты табыңыз. "Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын тойлады.
А) Тойлады.
В) Қазақстан.
C) Тәуелсіздігінің.
D) Биыл.
E) 26 жылдығын.
30. Мақалды толықтырыңыз: «Отансыз ... - ормансыз бұлбұл»
А) аспан.
B) ер
С) адам.
D) жер.
Е) ел.

Показать ответ
Ответ:
оркп
оркп
06.09.2020 21:56

1. А) Тұйық

2. D) Көптік

3. Е) -мен, -пен

4. D) бас, аяқ, қол

5. A) қорқақ

6. В) кінәлі, айыпты

7. D) қайыңдар

8. В) Айман

9. D) Ұшып кетеді

10. D) Сабақты жақсы оқыса, озат оқушы болады.

11. В) Аш, ат, от

12. D) Жақсың қайсы

13. D) Заттың реттік санын білдіреді.

14. B) - лық

15. A) Қашанға дейін?

16. D) Әдемі, сұлу

17. A) Серт

18. А) Кім, не

19. A) 5

20. С) Ң, Й

21. А) Ақ

22. D) Он бірінші

23. В) Тазалық

24. D) Жақсы адам

25. А) Биік, аласа

26. B) Шартты

27. D) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдіңбе?

28. D) Әдемі қыз

29. D) Биыл

30. С) адам

Объяснение:

1. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық, тұйық, бітеу

2. Көптік жалғау - жалғанған сөзіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты түрі қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер (қала+лар, дәптер+лер, ғалым+дар, гүл+дер, хат+тар, мектеп+тер)

3. Көмектес септігінің жалғаулары буын үндестігіне бағынбайды: бала+мен, кітап+пен

4. Бір буынды сөздер тасымалданбайды

5. Мысалы: Өй, нағыз қоян жүрек өзің едің ғой (Ауызекі тіл)

6. Қалған тіркестер антонимдер не болмаса мағыналары мүлдем бір-бірінен алшақ сөздер

7. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з

8. Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у, й

9. "ұшып кетеді" - (Не істейді?)

10. "оқыса" - (қайтсе? не істесе?)

11. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.

12. айтар - етістік, сен - есімдік, ешкім - есімдік, жақсы - сын есім, біреу - есімдік

13. Мысалы: бірінші, екінші, он бесінші, т. с. с.

14. Бала+лық=балалық

15. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - Қашан? Қай кезде? Қашаннан бері? деген сынды сұрақтарға жауап береді

16.  Қалған тіркестер антонимдер не болмаса мағыналары мүлдем бір-бірінен алшақ сөздер

17. серт - бір буынды сөз, сол себептен буынға бөлінбейді; қалған сөздер: уә-де, бол-жам, қа-ғи-да, е-ре-же; бірнеше буыннан құралған, олар буынға бөліне алады.

18. Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы?

19. Сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

20. Қазақ тілінде Ң, Й әріптерінен басталатын сөздер жоқ

21. Дара сын есім бір түбірден құралады

22. Нешінші? Он бірінші

23. таза+лық

түбірі - таза, лық - жұрнақ

24. Қалған тіркестер ауыспалы мағынада берілген

25.  Кілтпен ашты - сөз тіркесі; әдепті бала - сөз тіркесі; әдейі, арнайы - синонимдер; қалаға барды - сөз тіркесі

26. Ол жақсы оқыса, университетке түседі.

27. Ах! - көңіл-күй одағайы

28. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Қандай қыз? Әдемі қыз

29. Биыл (қашан?) Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын тойлады.

30. «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»

қазақтың мақалы ғой:)

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота