1.«Дүние қайтсең табылады» әңгімесінің негізгі идеясын анықтаңыз. А. еңбекті сүю
В. елді қорғау
С. байлықты табу
D. туған жерді аялау
[1]
2. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.» Берілген үзіндідегі асты сызылған сөз тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыз.
А артта қалмау
В. баяу жүрмеу
С. ешқайда бармау
D. ешкімге жеткізбеу
[1]
3. «Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сөздер қандай көркемдегіш құрал екенін анықтаңыз.
А. кейіптеу
В. метафора
С. теңеу
D. эпитет
[1]
4. «... Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады.» Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
А. «Атымтай Жомарт»
В. «Дүние қайтсең табылады?»
С. «Қыпшақ Сейітқұл»
D. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
[1]
5. «...Ісім нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки сол дүкеннің иесі болдым, - деді.» Үзінді әңгіменің қай бөлігіне жататынын анықтаңыз.
А басталуы
В. дамуы
С. шешімі
D. шиеленісі
[1]
6. «О, Ақтан, жас, Ақтан жас» өлеңінде жігіттің даңқын шығарып, оны мақсатына жеткізетін бір жол бар...» Автор пікіріне қолдау білдіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
[2]
7. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер еткенін тұжырымдап, өз пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
[2]
8. Автор өлеңді неліктен Ақтан жасқа арнаған, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
[2]
9.«Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды..» Сейітқұлдың бұл іс-әрекетіне баға беріп, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
[2]
10. «...әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi.» деген Атымтай Жомарттың айтқан ойына 3-4 сөйлеммен өз пікіріңізді білдіріңіз.
[2]
11.«Антон өміріндегі тіленшіліктің зияны мен еңбекпен тапқан байлықтың пайдасы» туралы негізгі ойға қатысты өз көзқарасыңызды тұжырымдап, (сөз саны - 80-90) эссе жазыңыз.
1.Еңбекті сүю
2.Артта қалмау
3.эпитет
4.Қыпшақ Сейітқұл
5.Шешім
Объяснение: