1)Демографиялық дағдарыс орын алған Еуропаның дамыған елдегі ахуалды өзгерту үшін қандай жағдайлар жасау қажет деп ойлайсыңдар? 2)Таяу Шығыс пен Африка елдерінен келген босқындарды қабылдау арқылы Еуропа елдерінің демографиялық ахуалы түзеледі деп ойлайсыңдар ма?
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O