1 Добрый Рабый Мұқанды Петербургтегі балуандар мектебіне не себеппен жіберді? 2 Петербургтегі балуандар мектебінде Қажымұқан неліктен демалыссыз
жаттығады?
3 Париж циркіндегі Мұқан көрсеткен өнерге халықтың ерекше құрмет көрсету
себебі неде?
4. Мұқанның атқарған қызметін, меңгерген өнер түрлерін оның өсу жолы ретінде
жазып шығыңдар. Хрестоматияда берілген үзінділерді де пайдаланыңдар.
5 Қажымұқанды басқа балуандармен салыстырыңдар
6. Шығармада суреттелетін кейіпкерлердің салыстырмалы мінездемесін
жасаңдар
Белкотерер- жасы келген адамдарды қонақ ету. Ол адамдарға дәмді тамақтарды әзірлейды, ал ең бастысы- жұмсақ тағамдар, мысалы, қазы, қымыз, ірімшік және т.б. Ол дәстүрлі сол а немесе жақындары, тіпті көршілері де жасайды. Белкотерер салты жасы келген үлкен адамдарға құрмет көрсетудің үлгісі ретінде қолданылады.
Той дастарқан- Мейрам той немесе сол уақыттагы маңызды жайт. Мереке кезінде түрлі ойындар, әндер, билер, айтыстар өткізіледі.
Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...