1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз. А мәтіні
Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды
– Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
– Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.
– Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?
– Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың, көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де табиғаттың орны ерекше ғой!
– Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?
– Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы - суретті сапалы түрде шығару.
-Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев
Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.
Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі.
1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің ба з қызметі.
А мәтіні Ә мәтіні Мәтіннің түрі
Ерекшеліктерi
Әнші құм
Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.
Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.
Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.
Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.
ответ:-О, Сәлем Әсел, қалайсың?
-Сәлем,Дана жақсымын,өзің?
-Менде шүкір, Әсел, көмегін керек еді..
-Жақсы, көмектесуге дайынмын. Сұрағың?
-Отбасы отаннан басталады мақалының мағынасын түсіндіре аласың ба?
-Ия әрине, жақсылап тыңдап ал.
Отан отбасыннан басталады. Жалпы Отан дегеніміз біздің еліміз, халқымыз. Халқы бұл біз, адамдар. Отан деп 1 адамды айта алмаймыз ғой. Яғни біз біркелкі халық, отан болу үшін отбасы болуымыз. Әр адамның өз отбасы болады. 2 адамнан басталып кете береді. Ал сол адамдар қосылса біз 1 Қазақ халқы боламыз. Сол себепті Отан отбасынан басталады деген осы. Халық, мемлекет 1 шағын отбасынан бастап болады
-Мәсаған, енді мен түсінбідім. Ерекше мағына. Әсел жан үлкен рахмет
-Оқасы жоқ!
Объяснение:Как то солай XD