В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
AnastasiaVolk534
AnastasiaVolk534
12.05.2022 17:11 •  Қазақ тiлi

1. «Ежелгі түрік Сібірі шығысқа қарағанда батыспен тығыз байланысты болды»,- деп кім айтты? а/К.М.Байпақов​​​​​б/А.А.Черкасов
ә/ М.Мақатаев​​​​​в/Л.П.Окладников
2. Ұлы дала өркениетінің орнауына неше фактор себеп болды?
а/ 6​​​​​​​б/3
ә/ 8​​​​​​​в/5
3.Қарахан мен Айша Бибі туралы аңыздың неше нұсқасы бар?
а/16​​​​​​​б/18
ә/ 21​​​​​​​в/33
4.Айша Бибі кесенесін қайта қалпына келтіру кезінде неше түрлі белгі салынған кірпіштер дайындалды?
а/ 72​​​​​​​б/204
ә/ 58​​​​​​​в/2001
5.Ұлы Жібек жолы ненің кепілі болды?
а/ сауданың​​​​​​б/дәстүрдің
ә/ өркениеттің​​​​​в/зерттеу жұмыстарының
6. «Құндыз жолымен» не тасымалданды?
а/ аң терілері​​​​​​б/лазурит тасы
ә/ асыл тастар​​​​​в/зергерлік бұйымдар
7.Бумын қағанның ордасына қытай елшісі қай жылы келді?
а/ 744 жылы​​​​​​б/ 545 жылы
ә/ 551 жылы​​​​​​в/1000 жылы
8.Түркі халқы қандай аңды ең алғаш қолға үйретті?
а/сиыр​​​​​​​б/ешкі
ә/ түйе​​​​​​​в/жылқы
9.Көшпелі тұрмыста әлемде теңдесі жоқ баспана не?
а/ киіз үй​​​​​​б/сауда орны
ә/ кітапхана​​​​​​в/қала
10.Түркі жазуы қай ғасырда пайда болды?
а/ 555-758​​​​​​б/551-744
ә/ 563-785​​​​​​в/545-715

Показать ответ
Ответ:
Dan1yar2255
Dan1yar2255
16.01.2022 05:56

Біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларда тұңғыш рет асау тұлпарды тізгіндеп, даланың ерке тіршілік иесін елден бұрын ерттеп мінген, VIII-IX ғасырларда Ақыртастай жауһар қаланы салып, қыр астынан құбыр тартып, Мұзарттың мөлдір, бұлақтың бал суын тұтынған бабалардың даналығында шек жоқ. Бұл жайында күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызды мақаласында да айтылды. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.

Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты» деді Ұлт көшбасшысы бұл туралы. Сонымен қатар рухты жансыздандырып, ғұрыпты материалдық дүниелерге тәуелді етуді көксеген нарық заманында әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абайдай тағдырлы тарихымыздың тау тұлғаларын да тілге тиек етті. Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әпсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталатын «Дала фольклорының антологиясын» жасауды тапсырып, міндеттеді. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп қорытындылады Мемлекет басшысы мазмұнды мақаласын. Яғни, түп-тамырымыз, бастау-бұлағымыз болған ұлттық құндылықтарымызды асқақтата ұлықтайтын кез жетті деген сөз.

Тарқатып айтсақ, ұлт – ұл, перзент деген түбір сөзден құралған. Ұлдың мағынасы баршамызға белгілі. Ол ел қамын жейтін азамат болса, бүкіл елдің де ұлы. Ұл – түбірінен ұл мен қыз, ұлан, құлан, құлыншақ, ұланақ, ұлы, ұлық, ұлықтау, ұлыс деген сөздер дүниеге келді. Ұлы сөзі кез келген жақсы ұғымның апогейін білдіреді. Мысалы, ұлы дала, ұлы адам, ұлы тұлға, ұлы тау деп жалғаса береді. Демек, ұлттың аты артына арлы, иманды ұрпақ қалдырған, халқына қаяусыз қызмет еткен, жақсы ісімен ұрпағына үлгі болған сонау түкпірдегі Ұлы Атамыздың аты. Ал салт – ата салты. Ата-әжені сыйлаудан басталып, соңы әкені, ағаны және әрбір қазақ баласы өзінен үлкендердің бәрін құрметтеумен жалғасады. Мен қазақпын деген жанға бұл қағида ешқашан өзгермейді. Һәм тілі мен діні, дәстүрі де оның ажырамас бөлігі. Сол себепті, бабаларымыз бізге «Тілің тұғырың, дінің – діңгегің» деген ұлағатты өсиет қалдырған. Мұны әрбір қазақ азаматы бес саусағындай білуге және оны көзінің қарашығындай сақтауға тиіс. Онсыз біртұтас қазақ ұлтын сақтау – утопия. Жер бетінен ғайып болған ұлттардың бәрі осындай қарапайым қағиданы ұстана алмағандықтан жойылғанын ұмытпаған абзал.

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», – деп Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінгі ұрпақ бабалардың алдындағы рухани борышын адал өтеуге жауапты. Осы орайда, дана халқымыздың «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген терең мағыналы сөзі ешқашан өз маңызын жоймайтын тұжырым. Қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» десе, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» – деп тайға таңба басқандай ақиқатты шындықпен нақтылаған болатын.

Осындай текті тұлғалардың бүгінгі ұрпағы, қазіргі жастар сол ұлттық құндылықтарды қаншалықты қадірлеп жүр? Салт-дәстүрді қаншалықты біледі, ұстанады? Елінің әдебиеті мен мәдениетіне, руханияты мен тарихына қалай алаңдайды? Бір сөзбен айтқанда, олар үшін ұлттық құндылық дегеніміз не? Сананы тұрмыс, моральді материализм билеп-төстеп тұрған бүгінгі нарық заманының жастарына осындай салмақты сауалдарды қойып, ой-пікірлерін білдік.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Violetta1508mailru
Violetta1508mailru
03.05.2021 21:33

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев  1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Бекен өжет, өте пысық еді. Қоянды базарына жиі қатынайтын. Сол ұзын жолда ыңылдап өлең шығарады екен. Отыздың бел ортасында елге билік айтуға қолы жетті, болыстыққа сайланды.

Анасының есімі – Гүлсім. Гүлсім – Қызылжарда тұратын керей Әшірбек (Әшірбектің ағасы Құрманбайдан Мағжанның болашақ әйелі Зылиха туады) деген саудагердің қызы. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешесінен деседі.

Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 19 жасында Қазан қаласында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағын басып шығарады. Бұл 1912 жылы болған еді. Содан бастап Жұмабаевтың есімі Омбы, Петропавл, Семей қалаларындағы әдеби қауымға мәшһүр болады. Жазғандары жұрт аузына ілігіп, жастардың піріне айналады.  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота