В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
gb03041966
gb03041966
03.10.2020 15:37 •  Қазақ тiлi

1. Химиялық құбылыс: А) судың булануы В)сүттің ашуы С)қардың еруі D) қорғасынның балқуы E) судың қатуы; 2. Мына берілгендердің ішінде күрделі заттарға жататындары: А) алтын В)озон С)күкірт D )темір сульфиді Е) сутек 3. Салыстырмалы молекулалық массасы үлкен қосылысты көрсетіңдер: А)хлорсутек HCI В)фторсутек HF С)су H2O D)күкіртсутек H2S E)бромсутек НВr 4. 25 г әктасында (СаСО3) қанша моль зат бар? А)0,25 моль В)0,5моль С)1 моль D)1,5 моль Е) 1,75 моль; 5 ..Қай қосылыста оттектің массалық үлесі көп: А)Li2O В)MgO С)CaO D)BaO Е)СО2; 6.Эндотермиялық процесс: А)2H2+O2=2H2O+Q В)2H2O=2H2+O2-Q С) N2+3H2=2NH3+Q D) CaO+Н2О→Са(ОН)2+ Q Е) С+ О2→СО2+ Q 7. Сутек: А)N2-пен В) S-пен С) O2-пен D) HCI-мен Е)Са-мен әрекеттеспейді 8. 240г мыс оксидін толығымен мысқа айналдыру үшін қажет сутектің зат мөлшері: А) 1 моль В)0,1 моль С) 1,5 моль D) 3 моль D) 2моль 9. P→P2O5-+H2O→x айналым тізбегіндегі «х» деп белгіленген заттың формуласы: А)H2СO3 В)H3PO4 С)P2 O3 D) N2 Е)РН3 10.Сілті ерітінділеріндегі метилоранждың түсі : А)түссіз В)

Показать ответ
Ответ:
паро8
паро8
11.04.2021 14:43
Әке – асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Өтермін сақтауменен салтыңды әсем. Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке, Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.
0,0(0 оценок)
Ответ:
artemchik25
artemchik25
20.03.2020 00:58

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойыны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,

Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,

Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.

Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауылпаз.

Құс қатарлап байлаған қанжығаға

Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.

Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,

Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер.

Шаруаның бір малы екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.

Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойыны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,

Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,

Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.

Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауылпаз.

Құс қатарлап байлаған қанжығаға

Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.

Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,

Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер.

Шаруаның бір малы екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.

Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жаз жіберіп, жан берген қара жерге

Рахметіне Алланың көңіл сенер.

Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң Тәңірі ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер.

Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,

Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.

Жыршы құстар әуеде өлең айтып,

Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,

Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,

Таң атқан соң шығарын күннің біліп,

Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.

Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,

Құмары екеуінің сондай күшті.

Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,

Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға елеріп.

Азалы ақ көрпесін сілке тастап,

Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,

Біреуіне біреуі қосылыспай,

Көңілі күн лебіне тойғаннан соң

Жер толықсып, түрленер тоты құстай.

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,

Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.

Қызыл арай сары алтын шатырына,

Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

Объяснение:

Извени если не правильно

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота