1 из 5 2-тоқсан Қазақ тілі 5-сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау
1. Лексикология нені зерттейді?
А. Тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын зерттейді.
Б. Жалпы сөздерді зерттейді.
С. Сөздердің байланысын зерттейді.
Д. Дыбыстарды зерттейді.
2. Негізгі сөздік қорға жататын сөзді табыңыз.
А. Ғаламтор
Б. Орамжапырақ
С. Құлын
Д. Көзілдірік
3. Cөздің лексикалық мағынасына қарай қандай түрлері бар?
А. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Б. Тұрақты тіркестер
С. Сөз тіркестері
Д. Тура және ауыспалы мағынасы
4. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А. Терең ой
Б. Майлы дастархан
С. Сыр шерту
Д. Ашық терезе
5. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.
А. Шалғай ауыл
2 из 5
Б. Құрғақ сөз
С. Кең сынып
Д. Ақ қар
6. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.
А. Қағаз
Б. Кітап
С. Оқулық
Д. Бет
7. Мақалдардан антоним сөзді табыңыз.
А.Ер мойнынан қыл арқан шірімес
Б. Бала бал арасын тамашалады.
С. Көз-қорқақ, қол –батыр.
Д. Ол тартпаның тұтқасын тартты.
8. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.
А. Ала жаздай, қыс бойы
Б. Кең дала, айдын көл
С. Денсаулығы жоқ, ақшасы бар
Д. Асқар тау, телегей теңіз
9. Синоним емес қатарды табыңыз.
А. Байсалды, байыпты
Б. Шалғай, қашық
С. Сәт, мезет
Д. Бұлыңғыр, ескі
10. Қызылмен жазылған сөз қандай сөздің орнына жұмсалып тұр.
Оның қорасында бес-алты тұяғы бар.
3 из 5
А. Мал
Б. Байлық
С. Тауық
Д. Аяқ
11. Екі сыңары да кірме сөзден болған сөзді табыңыз.
А. Оқу-білім
Б. Тарс-тұрс
С. Азды-көпті
Д. Хат-хабар
12. Кірме сөзге тән анықтаманы табыңыз.
А. Екі сөздің бірігуі арқылы жасалған сөз.
Б. Басқа тілден енген сөздер.
С. Мағыналары жағынан бір-біріне жуық сөздер.
Д. Айтылуы,жазылуы бір сөздер.
13.Мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз.
А.Ол мейрамдарда көрші -қолаңдарды аралап кетеді.
Б. Кең зал ығы-жығы.
С. Ол судың ыстық-суығына қарамастан қотарып салды.
14. Қызылмен жазылған сөздердің мағыналық түрін ажыратыңыз.
Айналайын қарағым. Бетіңе келмес қарағым.
А. Синоним
4 из 5
Б. Антоним
С. Тура мағына
Д. Омоним
15. « Әуес» сөзінің мағынасын табыңыз.
А. Жалтақтау, мадақтау
Б. Армандау,жек көру
С. Құмар, үйір
Д. Сыйлау, құрметтеу
16. «Қой аузынан шөп алмас» тіркесінің антонимін табыңыз.
А. Тентек
Б. Момын
С. Ақылды
Д. Баяу
17. «Санын соғу» тұрақты тіркесінің синонимін табыңыз.
А. Шаттану
Б. Өкіну
С. Қобалжу
Д. Алаңдамау
18. Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер қалай аталады.
А. Синонимдер
Б. Антонимдер
С. Көп мағыналы сөздер
Д. Тура мағынасындағы сөздер
19. Сын есімдерден болған синонимдерді табыңыз.
А. Оң, сәлемдесу, түр, түс
Б. Тез, амандасу салмақты, шапшаң
С. Салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды
Д. Түс, келбет, пішін, рең, дидар
5 из 5
20. Орыс тілінен енген кірме сөзді табыңыз
А. Мұғалім, жәдігер, айна
Б. Кәмпит, сөмке, кәрзеңке
С. Кереует,бақыт,дос
Д. Диктант, пима, ұлыс
А мәтіні
1. В
2. С
3. Менің ойымша дұрыс. Әр адам кішкентай кезінен бастап бойжеткенде кім болам деген сұрақ мазалайды. Өзің жақсы көретін іспен айналысу, менің ойымша үлкен бақыт.
Ә мәтіні
1. С
2. D
3. Менің ойымша әр адам үшін ең басты құндылық, ол- отбасы. Осындай жарыстарды ұйымдастыру арқылы көптеген отбасылар өз өнерін ортаға салады. Сондықтан осындай жарыстарға қатысу отбасы үшін үлкен пайда тигізеді.
Жазылым
1 такырып
Үш тілді меңгеру
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс - шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең - кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Ағылшын тілі әлемдегі ең кең тараған тіл. Шамамен бұл тілде жер бетінде бір миллиардтан астам адам сөйлей алады. Әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттер - Ұлыбритания мен АҚШ-тың мемлекеттік тілі. Сонымен қатар, ондаған мемлекеттердің ресми тілі.
Көп тілді меңгерген жастар көп тіл білу адамның мінезіне де, карьерасына да, өміріне де оң әсер ететінін айтып жатады. Өзге тілді білу жаңаша ойлауға және бұрынғы қалыптасқан пікірлеріңді одан әрі дамытуға үлкен септігін тигізеді. Жаңашылдыққа, объективті ойлауға жетелейді.
Объяснение:
Алла барлық құстарға:
-Бір күн рұқсат берем. Өздеріңе ыңғайлы қоныс тауып алыңдар. Сол жерге ұя салып, тіршілік етіңдер,-деп әмір береді.
Бүркіт асқар тауды ұнатып, қияға ұя салды. Қызғыш судың ішіне жайғасты. Шағала теңізді, үйрек көлді, бозторғай жазық даланы ұнатты. Қарлығаш Ыбырайым пайғамбардың шарапатынан адамның шаңырағынан жай алды. Ымырт уйірілгенше құстар өздеріне ұя таңдап, жайғасып үлгерді.
Көкек қана сайды еңіс, тауды биік, суды суық деп кірпиязданып жүріп алды. Алланың үкімі екеу болмайды. Кесімді мерзім жетеді. Ұлық Алла құстардың таңдаған қоныстарын өздеріне жайлы мекен етіп берді. Кірпияз көкек ұясыз қалады. Әліге дейін өзіне тиесілі ұя-жайы жоқ. Содан бастап жұмыртқасын басқа құстың ұясына салуға мәжбүр екен.
Объяснение: