1. Көп нүктенің орнына тиісті қатарды белгілеңіз.
Мәтін бойынша «дала баласы, түз қыраны» ... көксейді.
A) Айтыс-тартыс сөздерді.
B) Ерте келген көктемді.
C) Ертіс бойына баруды.
D) Доп ұрып ойнауды.
E) Еркіндікті, кең даланы.
2. Мәтінде суреттелген мезгіл.
A) Түн.
B) Жаз.
C) Көктем.
D) Қыс.
E) Күз.
3. Асты сызылған жолдардағы негізгі ой.
A) Асау өзен.
B) Ертісті тамашалаған адамдар.
C) Оқудағы Шоқан.
D) Туған елге, жерге деген сағыныш.
E) Ертіс өзенінің бойы.
4. Мәтіннің тақырыбы.
A) Шоқан Уәлиханов.
B) Омбы қаласы.
C) Көктемгі Ертіс.
D) Корпус дәрігері.
E) Ертіс өзені.
5. Шоқанның Ертіс жағасына келу себебі.
A) Кошелевскиймен кездесу үшін.
B) Табиғатты тамашалауға.
C) Тыныштықты аңсағандықтан.
D) Сең көшкінін ұнатқандықтан.
E) Елін сағынғандықтан.
6. Мәтіннің негізгі идеясын көрсетіңіз.
A) Оның әншілік дарынын жұрт жоғары бағалады.
B) 1927 жылы музыкалық көрмеде өнер көрсетті.
C) 1952 жылы Парижде Әміре күміс медальға ие болды.
D) Әміре Қашаубаевтың таланты – сирек кездесетін талант.
E) Қазақ әнін тұңғыш рет әлем кеңістігіне шығарды.
7. «Әміре Қашаубаевтың таланты – сирек кездесетін талант» екенін дәлелдейтін нұсқа:
A) Жылқышылардың жайлаудағы ашық далада шырқалған әнді естіп жеткен беттері екен.
B) Әнге шөлдеп отырған халық әншілерді жібермей, концерт ұзаққа созылған.
C) 1927 жылы музыкалық көрмеде өнер көрсетті.
D) Әнші дауысының күштілігі сонша, «адамда мұндай дауыс болуы мүмкін емес» деп қазылар алқасы күдіктенген.
E) Концерт аяқтала бергенде, бір топ атты кісі сау ете түседі.
8. Әміре Қашаубаев кім?
A) Сазгер.
B) Жыршы.
C) Әнші.
D) Ақын.
E) Қаламгер.
9. Мәтін оқырманның бойында қандай сезім тудырады?
A) Сағыныш сезімін.
B) Өкініш сезімін.
C) Махаббат сезімін.
D) Қуаныш сезімін.
E) Мақтаныш сезімін.
10. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңыз.
A) Әміре даусы өте биік ноталарды қиналмай алатын әрі диапазоны өте кең аса сұлу үнді болған.
B) Әміре Қашаубаевтың таланты – сирек кездесетін талант.
C) Қазақ әнін тұнғыш рет әлем кеңістігіне шығарды.
D) 1925ж. Парижден Әміре алтын медаль алып қайтты.
E) Мұны дәлелдейтін тыңдаушысын еріксіз мойындатқан тарихи фактілер аз емес.
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.