В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
linakovtunenko1
linakovtunenko1
04.12.2021 03:00 •  Қазақ тiлi

1) ұлы ақын / 10 тамыз 1845 жылы 7 қазіргі Семей облысы Абай ауданы / 2) атақты Құнанбай болыс / Зере / Ұлжан /
3) 10 жаста / Ахмет Риза медресесі 73 жыл / араб, парсы, шағатай тілдері / орыс тілін өз бетімен үйрену
әкесімен бірге ел басқару ісімен айналысу / болыс болу /
4) 10 жастан өлең жазу /3 поэма, 45 қарасөзі, 100-ден астам аудармалары, 10-нан астам күйлері мен
әндері, 500-ден астам өлеңдері
Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаянын жазуда өмірбаян құрылымына сәйкес ақпараттарды
хронологиялық тәртіппен жазады. напишете эсее с этими словами ​

Показать ответ
Ответ:
Over003
Over003
22.01.2021 03:23

Бүгінгі таңда дамыған мемлекеттер халықаралық тілдерді меңгерудің маңыздылығын түсініп, көп тілді білу міндет деп санап отыр. Біз де өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет, сондықтан халықаралық тілдерді меңгеру міндет деген оймен толықтай келісемін.

Біріншіден, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Бірнеше тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Осы ретте, Елбасы: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз» – деген болатын. Сонымен бірнеше тілді білу болашаққа жол ашып, бәсекеге қабілетті сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, қазіргі таңда әлемдегі дамыған елдердің қатарына ену үшін бірнеше тілді білу қажет. Дамыған елдер кем дегенде үш тіл біледі екен, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау оларға қиындық тудырмайды. Ақпараттық техниканың қарыштап дамыған заманында бірнеше тілді үйрену, меніңше, қиындық тудырмайды. Біздің ата-бабаларымыздың өткен тарихына көз жүгіртсек, әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл Фараби бабамыз өмірінде 76 ұлттың тілін оқып білді десек, ұлы ақын Абай атамыз орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін де меңгерді. Сонымен дамыған елдердің қатарына енуде бірнеше тілді білудің маңызы зор.

Қорыта келе, заман көшінен қалмау үшін бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің түкпір- түкпкірімен еркін байланысқа түсіп жатсақ, еліміздің ертеңі көркейері сөзсіз. Осы тұрғыдан халықаралық тілдерді меңгерудің маңыздылығын түсініп, көп тілді білу міндет деп ойымды тұжырымдаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sasha2007ad
Sasha2007ad
28.03.2023 01:25

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота