1. «Ұлы Жібек жолы» - біздің еліміздің жері арқылы өткен қандай жол?
2. Түркістан қандай қала?
3. Түркістан бұрын қалай аталды?
4. Ұлы Жібек жолы қай ғасырда пайда болған?
5. «Ұлы Жібек жолында» қай мемлекеттер сауда
жасаған ?
5. Әл-Фараби кім?
п. Ол қандай ғалым?
8. Арыстан бап кесенесі қай жеред орналасқан?
9. «Жана Жібек жолы» жобасын қай қалада,кай
жылы жариялады?
10. «Ұлы Жібек жолымен» атты ҮШ халықаралық
ғылыми-тәжірибелік полиграфия көрмесі қай
қалада өтті?
Биыл жазғы демалыста мен жайлауға бардым. Жайлауда менің атам мен әжем тұрады.Жайлауда керемет ІЖайлаудың табиғаты әдемі, ауасы таза.Айнала жасыл шөптер, даланың әдемі гүлдері жайқалуда.Бұлақ суы мөлдір.,сылдыр-сылдыр етіп аққан дыбысы естіліп тұрады.Таңертең ерте атам мал бағуға шықты Мен де атама мал бағуға көмектестім. Жайлау өте қолайлы жануарларға да , адамға да.Жайлауда сүт, сары май , қымыз, айран, қаймақ, ірімшік. өте көп. Жайлауда маған өте ұнады.
Ана тілім арым бұл.
Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!