В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
кккк51
кккк51
29.12.2022 01:53 •  Қазақ тiлi

   

1.  М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы оқиға немен аяқталады?

А) Байжан Сәрсенбайға «құдай қосқан құдам ғой» - деп, кешірімге кісі жіберді. В) Ақырғы тіршілігінің минуты жетіп, жапан далада Жамал жан тәсілім қылды. С) Боранды түні Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, Жамал талып кетті.

D) Жұман сол жерде тұра сала кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады.

 

2.  Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда

айтысқа түсіп, ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын кім?

А) Момыш В)Қабылбек С) ) Үбиан

D Текебай

[1]

3.  Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Тимурдың мінезін анықтаңыз.

А) Темекі тартады, тілінің уы бар, өте өжет, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырағыш В) Тікмінезді, бұрама тілді, бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналасындағыларға қамқор

С) Өте сүйкімді, үйінің кенжесі болғандықтан ерке, өзгелерді өзіне тез баурап алады

D) Сыпайы, адамгершілігі мол, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді

 

[1]

4.  М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының эпилогін анықтаңыз. А) Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің.

В) Бота көз сахарада қына терген, Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!

С) «Жетім көлден» су ішкен қанша марал, Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самалы, Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?

D) Күркіреп аспан, ойнатты-ау дейсің жасынды, Сайратты-ау дейсің мелшиген тау мен тасыңды. Мылқаудың үні, кереңнің құлағы ашылды, Кешірім сұрап, бәрі де оған бас ұрды.

5.  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның шарықтау шегін анықтаңыз.

А ) Жетімкөлдің аққусыз қалуы

В) Бала мен ананың шарасыздығы

С) Ауру баланың өлімі

D) Ананың аққуларды атуы

 

6.     Берілген үзінді қай кейіпкерге тән және кімге бағытталып айтылған? Кейіпкерлердің мінезін жіктеп жазыңыз.

- Сөйтіп жүрмең құрысын, өз басыңда еркің жоқ, әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Ата-бабаң істемеген істі қыламын деп, би болғансып, бір жылдың ішінде қане шыққан мүйізің.

7.     Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында Бауыржанның әжесіне деген махаббаты, сағынышы қалай көрініс тапқан?      _

                                             _

8.  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдаңыз.

 

 

9.  Д. Исабековтің «Әпке» драмасының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.150-200сөз​

Показать ответ
Ответ:
Аккаунт удален
Аккаунт удален
03.04.2021 10:28

Әнші құм

Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.

Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.

Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.

Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
tk271287
tk271287
11.01.2020 03:57
Қимас досың сұраса, Қимасыңды бересің. Для друга сердечного от сердца отрывают.
Сыйласу екі кісіге бірдей. Дружба крепка взаимностью.
Татулық — табылмас бақыт. Дружба — богатство бесценное.
Достық жоқ жерде табыс жоқ. Где нет дружбы, там нет успеха.
Туысы жақын жақын емес, Қонысы жақын жақын. Доброе соседство прочнее родственных уз.
Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан. Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.
Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды. Где нет взаимности, там единства нет где корысть, там дружбы нет
Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан. Гордись настоящим другом, остерегайся стать другом врага.
Көршің қолайлы болса, қораң кең. Когда сосед по душе, в тесном дворе просторно.
Досы жоқ адам – Тұзы жоқ тағам.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота