1-мәтін Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы, сәуір айының 29 күні Қосуақтам шатқалында, Орал облысының Темір уезінде Темір-Уркачевск болыстығында (Қазіргі Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданы), орта шаруа отбасында дүниеге келді. Ахметтің музыкаға деген қабілеті ерте оянды. Алты жасында домбыра тартып, ән салды. Жеті жасында оны Уркачевскідегі екі жылдық училищеге оқуға береді. Оның алғашқы мұғалімі Құсайын Әжіғалиев жан-жақты, өте тартымды адам еді. Ол Ахметке түрлі аспаптарда – домбыра, балалайка, мандолин, скрипка аспаптарында ойнауды үйретті.
А.Жұбанов өте зерек оқушы болды, ол көп нәрсені жан-жағындағы білімді адамдардан үйренді. Араб және парсы тілдерін өзінің жерлесі, Уфадан демалысқа келген, кейін белгілі жазушы болған Ж.Тілепбергеновтен үйренді. Ахметке үлкен әсер еткен, Орынбордағы «Хусаиния» медресесінде оқитын Құдайберген деген үлкен ағасы еді. Ол көптеген қызықты кітаптар әкелетін Жұбановтар үйі балаларының жан-жақты болып қалыптасуына көптеген газеттердің көмегі болды. Ахметтің отбасына 1919 жылы қайғы төнеді. Ауданға тараған сүзек ауруынан әкесі қайтыс болады. 1921 жылы ашаршылықта үйдегі малдың бәрі қырылады. Ахметке ерте бастан жұмыс істеуге тура келеді. Ол басында хатшы болып, одан кейін «Шаңырақ» оқу үйінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
2-мәтін
- Белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек ағамыз өзінің «Күй шежіре» атты кітабында «қазақта неше мың күй болса, оның қосарлана айтылатын соншама аңыз-әңгімесі бар» дейді. Ал мына шыққан антологиядан күй аңыздары тыс қалып қойыпты.
- Иә, осы жинақты жасар кезде оны да ойластырып, күй аңызымен қатар, нотасы да қоса берілу керек деген жоспар болған. Бірақ уақыттың тығыздығынан күй аңыздарын кіргізіп үлгере алмадық. Ал енді нотасын қоссақ, бірнеше том кітап шығады ғой. Жалпы аңызымен нотасын қосып шығарғанда жүдә жақсы болар еді.
- Әрине қағазға түсірсеңіз бірнеше кітапқа арқау боларлық күй аңыздары бар екендігі белгілі. Дегенмен оларды дискіге түсіруге болар еді ғой. - Дұрыс айтасың, бұл менің ойымда жүрген нәрсе. Мәдениет және ақпарат министрінің ойында да болуы керек. Осы мәселемен сол кісіге кіргім келіп жүр. Қолдау болса, оны да жасайтын боламыз.
- Осы антологияның тұсаукесерінде сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «келесі жылы осы күйлердің ішіндегі оркестрге арналғандарын іріктеп алып, оркестрдің орындауында 5 дискімен 100 күйді шығармақ ойымда бар» деген болатын. Аталған жинақтың шығуына басшылық жасаңыз деген ұсыныс түспеді ме? Жалпы ол жинаққа қандай күйлер енуі мүмкін?
- Министрлік тарапынан әлі ондай ұсыныс түсе қойған жоқ. Менің ойымша, бұл жинақ та жан-жақты, яғни 7 күйшілік мектептің барлығын да қамтуы қажет. Оған Дәулеткерей, Құрманғазы, Тәттімбет сияқты күйшілердің халықтың ұғымына сіңісті болған сүбелі-сүбелі күйлері енгені дұрыс. Мәселен, Шығыс Қазақстаннан «Сал күрең», Арқадан «Көкейкесті», «Саржайлау», батыстан «Сарыарқа», «Адай», Жетісудан «Аққу», «Ата толғау», Маңғыстаудан «Ақсақ құлан - Жошы хан», Қаратаудан «Майда қоңыр», сыр өңірінен «Нар идірген» сияқты күйлер енсе, жақсы болар еді.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Стилі
Мазмұны
Тілі
Қорытынды
Ескерту: тіліне диалект, неологизмдер, көнерген сөздер, терминдер жазамыз
мақсат)-сәлем джон
джон)- салем
мақсат)- сенің қазақстанға келгеніңе қатты қуаныштымын.
джон)- рахмет. Мен сенен бір нәрсе сұрасам болады ма?
мақсат)- әрине досым
джон)- қазақстан қандай қала?
мақсат)- қазақстан қала емес. қазақстан республика. және қазақстан егеменді, тәуелсіз,тарихы терең, ұлан-байтақ жер. келген қонақтарына қонақжай.
джон)- неткен керемет еді. бізде де бір біріне бауырмал.
мақсат)- мен осындай тәуелсіз өте керемет қазақстанда өмір сүретініме қатты қуанамын.
джон)- жақсы мені анам шақырып жатыр. ертең кездесіп сөйлесейік. сау бол
мақсат)- жақсы. сау бол.
Объяснение:
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы.