В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
pocemonpickachu
pocemonpickachu
24.03.2020 20:20 •  Қазақ тiлi

1-мәтін Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескірткіштері, атап айтсақ Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар.
2-мәтін
Шарын шатқалының тарихы бұдан 300 млн жыл бұрынғы геологиялық замандардан сыр шертеді. Мұнда көне замандардан сақталған саналуан пішінді түрлі-түсті жартасты «қамалдарды» көз алдыңызға әкеліп қойғандай көрікті көріністерді елестетеді. Дүниежүзінде дәл сондай көріністерді тек Солтүстік Американың Колорадо штатындағы «Үлкен шатқал» алқабынан ғана кездестіруге болады. Жер бедерінің мұндай көрініске ұшырауы бұдан 12 млн жыл бұрынғы жел мен су эрозиясының және мұздану дәуіріндегі табиғи құбылыстардың әсер ету ықпалынан пайда болғандығы байқалады. Шарын шатқалы Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Алматы облысының Еңбекші қазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының аумағындағы Шарын өзенінің аңғарын бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 154 шақырымдық алқапқа созылып жатыр. Шатқалдағы түрлі пішіндегі «жартасты қамалдардың» өзен арнасынан биіктігі 150-300 метрге жетеді, ал өзен аңғарының ені 20-80 метрдей болып келеді. Шарын өзені Теріскей және Күнгей Алатауларынан басталып, Іле өзеніне құяды, оның ұзындығы 427 шақырым.

1-мәтін 2-мәтін
Тақырыптары
Қандай стильде жазылған?
Мәтіндерден мысал келтіріңіз

Показать ответ
Ответ:
hzhwhsbsh
hzhwhsbsh
17.10.2021 18:16
Жоқ мен елестете алмас едім, Әдебиет ол өнердің бір түрі, ең бірінші адамзат құндылықтарының бірі. Өнер дегеніміз шығармашылық қабілеттен туындайды, адамзатты басқа тіршілік иелерінен ерекшеліндіріп тұрған да сол өз еркіңмен, қиялыңмен туынды, тың дүние жасау. Мысалы кино өнерін алайық, ең бірінші сценариден басталмай ма, ол да әдебиет, сол сияқты әдебиетсіз өмірді елестете алмаймын, ГТА, Фар Грай т.б. ойынындарын алып қарайық ол да ең бірінші сценари жазылмай ойын шықпайды ғой(менің ойым ғо брат)
0,0(0 оценок)
Ответ:
vegyan0000
vegyan0000
03.03.2021 11:41

Павлодар қаласы туралы.

Менің туған қалам – Павлодар қаласы. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін. Павлодар қаласы - Қазақстанның солтүстік – шығысында  Ертіс өзенінің оң жағасында орналасқан Павлодар облысының орталығы. Менің туған қалам электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды қала саналады.

Павлодар қаласы - ірі өнеркәсіп орталығы ғана болып қоймай,  солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Қаламызда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы, Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары секілді мәдениет ошақтары бар.

Қала тарихына келер болсақ,1720 жылы Коряков әскери бекінісі (форпост) салынды. Ал қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті. Бүгінде Павлодар қаласы үш жүз жыл тарихы бар әсем гүлденген қалаға айналып отыр. Мен Павлодар қаласының тумасы болғанымды мақтан тұтып, болашақта туған қаламның одан әрі көркеюіне өз үлесімді қосамын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота