В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
altynai0504
altynai0504
11.06.2021 23:38 •  Қазақ тiлi

1. Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. ...Көксерек жайында ауыл-үйдің адамдары әр алуан өсек те таратып жүрді.
— Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе! — десті. Кейбіреулер: «Қойды үркіте береді. Түнде даланы жақсы көреді. Иттен қорыққаннан ғана үйде жатады» деседі. Құрмаш бұл өсектің бәрін елемейді. Шынында, Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды, кәзір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды. Көрнеу ши ішіне кіріп кетіп, керегеге асулы тұрған ет болса, жас тері болса, қазанда іркіт, қатық болса — барлығын да өзінің ыдысына құйып қойғандай көріп, иіскелеп жалап, жеп кетеді. Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді. Талай рет оқыста төбесіне таңқ етіп тиген оқтау бойын тызылдатып, шыпыртып тиген қамшыны да татты. Бұның жауабы — езуін ғана ыржитады. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады. Күніне екі мезгіл тамақ ішу, мұның шарты болып алды. Екі рет қолдан ас құйылмаса, ол күні Көксерек өз бетімен барып бірдемені жеп жататын.
Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет, быжыл қаншық қаңсылай, шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқақтай барып, қой-қойлайтын еді. Жетілмей келе жатқан тісі ғана. Көксерек арлан еді.

Сұрақтар:
1. Мәтін не туралы?

2. Құрмаш қандай аңды асырайды?

3. Көксерек нені ұға алмады?

4. Көксерек неге таяқ жейтін?

5. Көксерек неге айланды?


СОР

Показать ответ
Ответ:
HaGiNg
HaGiNg
21.02.2022 19:30

Тоқтар Әубәкіров әлемнің 256-шы ғарышкері. Ол қаһарман атанып, қазақ халқының мерейін тасытар сәттен бұрын ұшақпен ұшудың жаңа әдісін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Ал, Талғат Мұсабаев әлемнің 309-шы ғарышкері. Ұшқыш Талғат Бигелдиновтың жолын жалғаған ол бір айда 5 рет, яғни 30 сағат 8 минут ғарыш кеңестігіне сапар жасағаны үшін Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

Талғат Мұсабаев алғашқы «ғарыш хирургы» бейресми атағын алған. 2001 жылы ғарышқа бірге аттанған америкалық миллионер турист Денис Тито әуе кемесінің ішінде басын жарақаттайды. Экипаж командирі ретінде қазақ ғарышкері аспан кеңістігінде ұшып жүріп, жарасын тігеді. Осылайша, Талғат Мұсабаев елінің ғана емес, бүкіл әлемнің батыры атанды.

Әлемнің 545-ші ғарышкері, жерлесіміз Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде, бір айда дүниеге келген. Бір оқу орнының түлектері. 

Тәуелсіз Қазақ елінің ең үлкен жетістіктерінің бірі – ғарыш кеңістігін игеру екені сөзсіз. Осы жолда күні бүгінге дейін қыруар жұмыс атқарылып, қазақ ғалымдары өлшеусіз үлес қосуда.

0,0(0 оценок)
Ответ:
zamanova05
zamanova05
20.10.2020 11:21

Егер мен білім министрі болсам...

Министр болу – аса үлкен жауапкершілік пен терең білімді талап ететін жұмыс. Себебі елбасы оларды сайлағаннан кейін сол үмітті ақтап, жаңашыл идеялармен елімізді алға бастап, өз жұмысына адал болу керек.

Болашақта мен министр, атап айтқанда білім министрі болып жатсам, қазіргі білім жүйесінде сәл өзгерістер болар еді. Ең алдымен ұлттық бірыңғай тестілеумен қатар емтихан сұрақтарына ауызша жауап беруді енгізер едім, себебі, менің ойымша, тек тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімін тексеру мүмкін емес.

Келесі ретте барлық оқу жүйесін бес күндікке көшіріп, оқушылардың барлығын тегін бір мезгіл ыстық тамақ пен ақысыз жол жүру билеттерімен қамтамасыз етер едім.

Жасөспірімдер үшін, яғни олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін әрбір мектепте тегін спорт залдары мен спорт алаңын салтырту мәселесін қолға алар едім. Себебі бос уақытта көрінген нәрсемен айналыспай, одан да спортпен шұғылданса, жаман әдеттерден аулақ болар еді, әрі осылайша жастарды салауатты өмір салтын ұстануды үйрете аламыз.

Әзірге осы. Жалпы мен білім министрі болуым үшін алдымен сабағымды жақсы оқып, шет тілдерін жетік меңгеруім керек деп ойлаймын, себебі тек терең білім мен ұшқыр ойдың арқасында алға қойған мақсаттарымызға жете аламыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота