В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Zzzzzzzzz1111
Zzzzzzzzz1111
20.06.2022 06:50 •  Қазақ тiлi

1. Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты кестеге не диаграммаға түсіріңдер.
Ғаламтор тарихы компьютер дүниеге келген уақыттан басталады.
1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін,
АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі
қажет деп шешті. АҚШ-тың алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агент-
тігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні
құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне және Стэнфорд зерттеу
орталығына тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталды. Барлық
жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Желіні
ғылымның әртүрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады. Алғашқы
ARPANET серверіндегі «Honeywell-516» компьютерінде 12 КБ қана опера-
тивті жад болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін
алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды. 1973 жылы
бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және
Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды. Бұл желі,
негізінен, электронды хабарламаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ басқа
техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната
алмайтын еді.
70-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен
тарай бастады, олар 1982-1983 жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жыл-
цың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/
IP протоколына
көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданы-
луда. 1983 жылы пайда болған «Интернет» термині ARPANET желісіне байла-
нысты айтылатын болды.

Показать ответ
Ответ:
LoliTyan1
LoliTyan1
12.05.2021 18:08
Біздің мектеп өте үлкен және әсем.Біздің мектепте кабинеттер өте көп.Олар өте көрікті көрінеді жжәне үнемі таза.Дәлізде және кабинеттерде әрдайым гүлдер орналасқан.Біздің мектебімізде асхана бар,медицина кабинеті,гардероб,вахта,кітапхана,қабылдау бөлмесі,спорт залы,және одан басқа пән кабинеттері бар.Біздің мектепте мұғалім және оқушылар өте көп.Ұстаздің бәрі өте ақылды және күн сайын бізді оқытады.Медицина кабинетінде дәрігерлер көмек береді және бізге керекті дәрілер береді.Біздің асханамызда бізге әр күні әр түрлі және дәмді ас әзірлейді.Кітапханада біз әр түрлі кітап аламыз.Бізде өте сұлу аула бар.Онда ойнау алаңы бар,гимназит аллеясы,футболдық алаң,Баскетбол алаңы және тағы басқасы.Біздің мектеп өте сұлу және біз оны өте қатты жақсы көреміз
0,0(0 оценок)
Ответ:
vilortnt
vilortnt
09.07.2021 11:43

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

Қысқаша шолу

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,

Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

Сірә да оңбас торғайым...»

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота