1.Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.Прочитайте текст и выполните ниже задания. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтеріне қарағанда, мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы экотуризмнің еншісіне тиесілі екен. Туризмнен түскен кіріс дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы – табиғатта туристердің белгіленген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың құлдырауын болдырмау.
Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешендерінің сәтті ілгерілеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың салауатты өмір салтын сақтауға бейімделуін жолға қояды. Қоғамның табиғи ортаға және экожүйеге көңіл аударуы жоғарылай бастады.
2-мәтін
Қазақстан экологиялық туризмді дамыту үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған ерекше географиялық аймақта орналасқан, еліміздің адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштары, ландшафттар, тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындары үлкен мүмкiндiк туғызады. Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әртүрлілігі экологиялық туризм әуесқойларын ерекше қызықтырады.
Еліміздегі экотуризмді дамытуда туристік фирмалар мемлекет мүддесі үшін қызмет етпейді. Көпшілік туристік фирмалар шетелдіктер үшін еліміздің табиғаты көз тартатын жерлеріне саяхат түрлерін ұйымдастырғаннан гөрі, қазақстандықтарды шетелге саяхатқа жіберумен айналысқанды жөн көреді. Ол ел экономикасына кері әсерін тигізеді, өйткені шетелге шыққан қазақстандық туристер мемлекеттің қаржысын барған мемлекеттің экономикасына құяды. Сол арқылы шетелде жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді.
1. Мәтіндерде көтерілген ортақ мәселені анықтаңыз. Определите общую проблему, поднятую в текстах.
СОР
Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.
1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.
2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.
Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.
Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.
Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;
Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.
Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :
1. Ыңғайлас салалас.
2 Қарсылықты салалс.
3. Себеп – салдар салалас.
4. Ілектес салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.
Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» ба Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» ба бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген
«Ақша қар» (1969);
«Бір атаның балалары» (1973);
«Қияндағы қыстау» (1977);
«Көк кептер» (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен;
«Көк мұнар» (1971);
«Шақан шері» (1984).
романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.