1. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің мазмұнын ашатын 10 тірек сөзін теріп жаз. 2. «Уақытты тиімді, тиімсіз пайдалану» тақырыбына постер жаса.
Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Уақыт- ол өмір, уақытың бос өтсе, өміріңнің бос өткені. Өткен өмірді қайтара алмайсың. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі қажет. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт - еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бірде ғұлама ғалым Эйнштейн: «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы», - деп қызметшісіне ұсыныс айтыпты. Қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатына қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметшісіне қатты ренжіп, «Менің жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда!»- деген екен. Бұл жөнінде «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,- деген екен немістің ұлы ақыны Гете. «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген қытай халқында нақыл сөз бар екен. Рас, біле білгенге уақыт - мүмкіндік.
Ал сол мүмкіндікті адамдар бағалай білу керек.
Тапсырма № 2
1 Сын есімнің шырайларын анықта.
Абайды қарапайым халықтың өмірі қатты толғандырды.
Табысты адамдар таңертең өте ерте тұрады.
Абай достыққа адалдау болуға шақырды.
Ол күнде еп-ерте тұрады
ол 43 сын адалдау білу кереек еп-ерте