1. Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.
1) Акцияның мақсаты неде?
2) Мұндай шараларды өткізудің кітапхана үшін тиімді жақтары бар ма?
3) Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады? Мәтін ақпаратын
негізге алыңыз.
4) Мәтін ақпараты Сізде қандай ой тудырды?
5) Кітапхана оқырмандарының санын көбейту үшін тағы не істеуге болады?
С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапты сыйға тарту күні»
акциясы өткізілді. Бұл акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп, оны басқа
кітапқа айырбастап алып кетуіне болады. Осы науқан күні кітапханаға 220 адам келді,
қойылған кітаптар саны – 650 дананы құрады, оның ішінде 550 дана кітап жаңа оқырмандарын
тапты. Бұл іс-шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды, балаларды
оқуға тартатын ата-аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар. Осының
арқасында балалар өз кітап талғамдарын қалыптастыра алады. Оқырмандар бір-бірмен
кітаптар жайлы талқыласып, бір-біріне сұрақтар қойды. Олар тек кітап әкеліп қана қоймай,
өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты. Міне, бұл іс-шарамыздың басты
мақсаты болып табылады.
Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Мыстан
кемпір, Пират пен Сыған, Көктем, және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды.
Кештің ашылуы «Буккроссинг» акциясымен басталды («Сізді шақырған кітаптарды
іздеңіз»), ондағы әрбір кітап өз оқырмандарын тапты.
Кітапхана фойесінде кеш қонақтары «Әдеби коктейль-бар» атты сайыста өз бақтарын
сынады, дұрыс жауап берген қатысушыларға "Синьор Помидор", "Фито-сусын", "Лимонадный
Джо" және т. б. коктейльдер ұсынылды. «Маша және Аю» атты фотостендте атақты
мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті. Сонымен қатар, фойеде Балқаш сервис
колледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды.
Қазақ халқы сөзге шешен, сөз құдыретін қастерлеп келген халық. Сол себептен әр ата-ана «балам шешен болсын, тез сөйлеп кетсін» деген оймен, баланың жылдам сөйлеп кетуін қалайды. Бала жарты жылға жақындағанда, оның ата-анасы құлағына әуендерді қайталап, неше түрлі өлеңдер айтады. Сәби ең алдымен «апа, ата» дегендей сезіледі. Кейін жаңа сөз айтуға шамасы жеткенде «тілі тез шықсын» деген ниетпен, қазақтың көне ғұрпы бойынша «Тілашар тойын», тілеуін жасайды. Бұл тілашар тілеуге тілек тіленіп, тілеу малы сойылып, ауыл аймақтық қадірлі, шешен, кемеңгер, ұшқыр тілді, данышпан, сөз ұстасы, адамды арнайы таңдап, «тілашар» тойына шақырады. Тойға келген ақсақал қадірлі адам қойдың сыбағалы басын кесіп, оның тілі «тез шықсын, шешен бол» деп тілді балаға жегізеді. Қойдың ішегімен «баланы буындыру» рәсімін істеп «сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрақ қойып, шешесі мен бүлдіршіннен «сөйлейміз» деген серт, уәде алады. Бүлдіршінге қариялар, тойға жиналғандар «Жиреншедей шешен бол, сандуғаштай сайрап кет, бүлдіршіннің тілі тез ашылсын» деген тілек айтып тарайды. Ары қарай баланың тілінің
Объяснение: