Алдар көсе – қазақ сатиралық ертегісінің кейіпкері. Бұл бейне қазақ пен қырғызда бар, сонымен бірге түрікменнің бірен-саран сюжетінде кездеседі. Демек, Алдар көсе қазақ фольклорына тән төлтума бейне деуге негіз бар. Түрік халықтарына ортақ әйгілі кейіпкер Жиренше шешен Жәнібек ханға ақыл айтушы дана би кейпінде ғибратты сипатта көрінеді. Айлакер, қу, әккі Алдар көсе образы хандық билік жойылғаннан кейін қара бұқара арасында әлеуметтік жағдайдың шиеленісе түсуіне байланысты күресуші тип сипатында қалыптасқан. Алайда осы образдың терең қатпарында алғашқы қауымдағы мифологиялық түсініктердің ұшқыны бар екенін С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов еңбектерінде айтылады.
Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.