В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
кира650
кира650
13.05.2023 19:06 •  Қазақ тiлi

1 ) Мәтіннен Арманның мінез - құлқын сипаттайтын сөйлемдерді тауып , көшіріп жаз . 2 ) ІІ абзацтағы « әндетіп » деген сөзді басқаша қалай айтуға болады ? 3 ) Арманның көршісі неліктен таңданды ? 4 ) Арман Нави тілінде сөйлеуді қайдан үйренді деп ойлайсың ? 5 ) Мәтіннің мазмұны бойынша түсіндіруге немесе бағалауға бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап бер . Сұрақ Жауап ​


1 ) Мәтіннен Арманның мінез - құлқын сипаттайтын сөйлемдерді тауып , көшіріп жаз . 2 ) ІІ абзацтағы

Показать ответ
Ответ:
mipad0302
mipad0302
17.01.2022 08:31

Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Есепшілер көптеген ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтап, жылма-жыл табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, күн райын болжады. Олар Қазақ күнтізбесі нің толық жыл есебін жүргізді, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Әр айдағы ауа райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни үш, бес күндік амалдарды алдын-ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Осымен қатар қазақ қауымы планеталарды, жұлдыздарды жаңылыспай таныған. Олар, жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
1MrFeNiKS1
1MrFeNiKS1
30.01.2022 15:41

Астана-Бәйтерек» монументі – Елорданың негізгі нышаны, оның, заманауи тілмен айтсақ, визит картасы деуге болады.

Жалпы, бәйтерек – ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Байырғы аңыз бойынша алып ағаштың басына самұрық құсы ұя салып, оған жұмыртқалаған. Металдан тұрғызылған бұл конструкцияның биіктігі 105 метр және бес жүзге тарта қадамен бекітілген. Тұңғыш рет диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна болатын шынымен жабылған шар осындай биіктікке көтерілді. Келушілер панорамалық лифтімен әйнек «шарда» орналасқан кең залдарға көтеріліп, «құс ұшатын» биіктіктен егеменді Қазақстанның жаңа Астанасының көркін тамашалай алады.

«Хан Шатыр» – Орталық Азиядағы ең үлкен ойын-сауық және сауда орталығы, әлемдегі шатыр іспетті ең биік ғимарат. Астана архитектурасында үйлесімді орнын алған ол Президент резиденциясы мен Үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр. Шатырдың құрылысына пайдаланылған технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады. Шатырдың қайталанбас қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен сырттағы боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдарлы ауа райы мен күн нұрының төгілуі «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Табиғатта түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады.

Осының барлығын ең жоғары террасада орналасқан қарау алаңынан тамашалап, тамсана аламыз. Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 40 000 шаршы метр жайлы аумағы дәмхана, мейрамхана, кинотеатр мен дүкендерге берілген. Сауда мен қызмет көрсету нысандарынан басқа, осы жерде заман талабына сай фитнес орталығы, сұлулық салоны және тағы басқа қажеттіліктерді табамыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота