В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
natlus27
natlus27
02.06.2023 08:16 •  Қазақ тiлi

1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз, түрлерін белгілеңіз 2. Мағынасына қарай мәліметтер мен сөздерді сәйкестендіріңіз 1. Мен күнде таңертең телеарнасымен бірге түрлі Құрдастарым жаттығулар жасаймын. ды 2. Спортпен айналысуға шақырамын. Торт 3. Денсаулық мықты болу үшін мынандай шартты «Балалапан» бұлжытпай орындау керек.


1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз, түрлерін белгілеңіз 2. Мағынасына қарай мәліметтер м

Показать ответ
Ответ:
Lkjgcvb
Lkjgcvb
01.06.2022 19:13

Жаңа жыл туралы шығарма.

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.  

Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.

Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.  

0,0(0 оценок)
Ответ:
lemenukillya
lemenukillya
17.10.2020 21:50

Шығарма.

Ел рәміздері - елдігіміздің басты нышандары.

1992 жылдың 4-маусымы – еліміз үшін тарихи күн. Сол кездегі Республика жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Кез келген мемлекеттің тәуелсіздік пен елдігінің белгісі – рәміздері болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран.

Еліміздің рәміздерін жасауға байқау жарияланып, бүкіл Қазақстан халқы ат салысқан болатын. Мемлекетті туымыздың авторы – еліміздің өнер қайраткері Шакен Ниязбеков.

Жалауды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқтық емес, ол – адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспан. Аспандай ашық көк түс, қазақтардың ұлттық түсі. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат, мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар өмірінің ажырамас бөлігі болатын.

Елтаңбамыздың авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота  Уәлиханов. Мемлекеттік  елтаңбаның негізіне шаңырақ алынған.  Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекетің бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар – мамыражай шуақты өмір мен жылылықтың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнеленген. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың,тоқшылықтың және материалдық ырыс- несібенің белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз – біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес құрлық өкілдеріне ашық деген сөз.

Еліміздің Әнұраны - «Менің елім» өлеңі, Әнұранның авторлары – Шәмші Қалдаяқов (әні), Жұмекен Нәжімеденов және тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі мемлекет. Ұлттық рәміздеріміз елдігіміздің нышаны, еліміздің бейнесі, әрбір Қазақстан азаматы үшін биік те қастерлі ұғым.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота