В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
zaqwsxcde
zaqwsxcde
09.05.2023 17:37 •  Қазақ тiлi

1.Мәтіннен тірек сөздерді табыңдар. 2.Мәтін мазмұны бойынша 10тест құрыңдар.

3.Орыс тіліне аударыңдар.

4.Табиғатты қорғауға байланысты мақалдар, нақыл сөздер жазыңдар

«Жасыл белдеу» бағдарламасы және экология
«Жасыл белдеу» - Қазақстан Республикасының бірінші
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылдан бастап жүзеге
асырып келе жатқан, Астана қаласының іші мен оның маңайындағы
аймақтарды абаттандыру жобасы. Мақсаты – қаланың өзінде және оған
жапсарлас аумақтарда жасыл желек қалыптастыру және оны сақтау.
Флорасы
Мемлекет басшысы бастамасымен Астанада 1997 жылдан 2013 жылға дейін
отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 70 мың гектарды құраған.
Олардың шамамен 15 мыңы қала аумағында, қалған 55 мыңы қала сыртында.
"Астана – Бурабай" автожолының бойында 3,6 мың гектардан астам аумаққа
ағаш егілді.
Орманның ішінде алғаш отырғызылған ағаштардың биіктігі 15-20 метрге
көтерілді. Бұл, біріншіден, халықтың демалатын жері болса, екіншіден, жазда
ыстықтан сая, қыста желден қорғайтын, қаланың климатын өзгертетін үлкен
мүмкіндік.
Кәсіби орманшы болмаса ажырата алмайтын сүйелді қайың, ұсақ жапырақты
шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, терек секілді ағаштар жапа-
тармағай өскен. Бұлардан өзге, неше түрлі жидектер де өсуде.
Астана қаласы маңындағы жасыл белдеудің жалпы аумағы 14 827 гектарды
құрайды. Оның 11 502,2 гектарына екпе ағаштар отырғызылған. Бұл аумақта
9,6 млн.ағаш пен бұта жайқалып тұр. 1998-2004 жылдар арасында негізінен
жапырақ тұқымдас көшеттер отырғызылыпты. Олардың ішінде сары қарқат,
ақ көріктал, шие, татар бөріжидегі, қаужапырақты шегіршін және басқалар
бар. 2014 жылы көктемде тамыр жүйесі жабық 398 434 дана сеппе көшет
отырғызылған. Оның 57 мыңдайы қылқан жапырақты болса, қалғаны орман
құраушы жапырақты ағаш тұқымдары болып саналатын емен, шегіршінді
құрайды.
Мұндағы өсімдіктердің шамамен 9,6 миллионы ағаш және 1,9 миллионы
бұталар.
Фаунасы
Бұл жасыл белдеуде қояндар өсіріліп, шілдер тіршілік етуде. 2010-2011
жылдар аралығында 125 бас құс сатып алынған. Қырғауылдар тез
көбейетіндіктен, үш жыл ішінде инкубация арқылы 2 333 құс өсіп
шыққан.Орман ішінде одан да басқа неше түрлі аң-құс бар. Марал, елік, қоян,
түлкі, тіпті, кейбір жойыла жаздаған аң түрлерінің басы көбейтілді.

Показать ответ
Ответ:
Sevchi
Sevchi
24.03.2020 01:12

ответ:Арқан тарту — қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын қайта басталады. Ойын ойынға қатынасушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді

Объяснение:бірақ сіздер өзінізге ұнаған ойынды таңдай аласыз

0,0(0 оценок)
Ответ:
lerakuzka
lerakuzka
07.11.2020 08:49

Өлең не туралы?

Автор бұл өлеңімен нені жеткізгісі келді?

..."Саған жету қиын болса қаншалық, Сақтап тұру қиынырақ одан да!" - деген үзіндіні қалай түсінесің?

-Сәлем!

-Сәлем!

-Үйге берілген Қалқаман Сариннің өлеңін оқыдың ба?

-Әрине. Өлеңді оқып қатты әсер алдым. Тәуелсіздік туралы, оны қалай армандап жеткенімізді қағаз бетіне түсіргені және соны ұмытпауға, алғыс айтуға шақыратыны қатты тәнті етті. Сен ше? Саған қандай әсер қалдырды?

-Менде сенімен толығымен келісемін! Бәріміз осы күнге, осы азаттықтың әр сәтіне Аллаға шүкір дейік! Қалқаман ағамыздай адамдар көп болсын деймін!

Не знаю понравится или нет, но это все что смогла придумать

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота