В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
DeaDPooL797
DeaDPooL797
24.07.2022 12:09 •  Қазақ тiлi

1. «Менің ғаламторсыз өткізген бір күнім» деген тақырыпта мәтін жазыңыз.
2. «Менің әлеуметтік желідегі достарым»
деген тақырыпта мәтін жазыңыз​

В наши дни

Показать ответ
Ответ:
1StarTrek1
1StarTrek1
31.03.2021 18:37

1.Менің ғаламторсыз өткізген бір күнім.

Ғаламтор дамыған мына заманда ғаламторсыз өмір сүру қиын болар.Күнделікті тұрмысқа керекті барлық дүниелер,мысалы:жол жүрсеңіз билет алу,үй тұрмысындағы жарық пен су жүйесіне ақша төлеу,онлайын сабақтарға қатысу бәрі дерлік ғаламтормен атқарылады.Сондада болсын бір күнімді әсіресе демалыс күндерімді ғаламторсыз өткізуге тырысамын.Сенбіде ерте тұрып,жанұямызбен жиналып көлге барып демаламыз.Суға түсеміз,қайықпен серуендейміз.Әкей екеуміз қармақ салып,балық аулаймыз.Сынған бұтақтарды жинап әкеліп кешке от жағып,қазанға балық сорпасын пісіреміз.Далада пісірген астың өте дәмді болатынын біреу біліп, біреу білмес.Жанұямызбен кешке отты айнала отырып, жайменен әкемнің гитарада сүйемелдеуімен ән саламыз.Түнде далада ұйықтаймыз.Түнде далада ұйықтағандар біледі,түнгі жұлдызы самсаған аспанның сұлулығын.Әңгіме айтып жатып қалай ұйықтап кеткеніңді білмей қаласың.Табиғат шіркін ғажап қой.Таңертең тұрғаныңда ұйқың қанып,тынығып тұрасың.Таза ауада ұйықтаған керемет қой шіркін...Таңертең тұрып,мосыға қайнаған шәймен шәйланып,жиналып қалаға қайтамыз.Міне менің ғаламторсыз өткізген бір күнім осылай өтті.Сіздерде қалай,ғаламторсыз бір күнді өткізе аласызба?! Негізі бір күн емес,арасында ғаламторсыз күн жариялап демалып тұрған дұрыс.

2.Менің әлеуметтік желідегі достарым.

Менің әлеуметтік желіде танысқан достарым баршылық.Олардың көбісімен әлеуметтік желіде ойын ойнағанда танысқанмын.Маша досым Украйна елінен.Ол менімен құрдас.Андрей Ресейден. Гафур Армения елінен.Олармен танысқаныма 1 жылдан асты.Сабағымды оқып болғаннан кейін қолым боста ойын ойнаймыз,сөйлесеміз.Қазақстаннан Сарыағашта тұратын Алихан досым бар.Екеуміз әлеуметтік желіде таныстық.Ол менен үлкендеу сондықтан ағалық ақылын айтып тұрады.Сабақ барысында сөйлесеміз.Ол өте ақылды бала.Менің әлеуметтік желіде танысқан достарымның бәрі жақсы балалар.Достық қарым-қатынастың шекарасы жоқ.Қай ұлт болсын,қай жерде тұрмасын,әлеуметтік желіде танысып,дос болуға болады.Шынайы,адал достарымыз көп болсын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота