1. Радиусы 7 см шеңбер центрінен түзуге дейінгі қашықтық: А) 4 см, B) 7 см, C) 12 см болса, түзу мен шеңбердің өзара орналасуы қалай болады?
2. Радиустары 40 см және 50 см шеңберлер жанасады. Сырттай және іштей жанасу
жағдайларында шеңберлер центрлерінің ара қашықтығын табыңдар.
3.
Центрі О болатын шеңберді А және В нүктелерінде жанайтын
түзулер С нүктесінде өзара қиылысады. Егер 050АВО болса,
түзулер арасындағы бұрышты табыңдар.
4. Екі шеңбер сырттай жанасады. Бір шеңбердің радиусы екіншісінен
5 см-ге артық. Егер олардың центрлерінің арақашықтығы 29 см
болса, шеңберлердің диаметрін табыңдар.
Туған елім, кең байтақ дархан далам – менің мақтанышым. Себебі, мен осы дархан далада дүние есігін аштым. Осы жерде алғаш қадам бастым, мектепке бардым. Менің қасиетті Отаным – қазақтың киелі жері!
Сол киелі жерде қаншама талантты да зиялы, ақылды да мейірімді адамдар дүниеге келді! Сондай адамдардың бірегейі деп мен Нұрсұлтан атам Әбішұлы Назарбаевты айтар едім. Бұл а қшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі. Елімнің алға қойған мақсатты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Биыл алғаш рет бірінші желтоқсанда - Тұңғыш Президент күні мерекеленеді. Мемлекетіміздің әр азаматты болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде.
Нұрсұлтан атамыз балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Соның бір дәлелі Астанада және басқа да қалаларда Нұрсұлтан зияткерлік мектебінің ашылуы,ал біздің сүйікті қаламызда таяу уақытта ашылады. Менің арманым сол мектептің үмітін ақтайтың үлгілі оқушысы атану. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін.Менің Президентім аман болып,ұзақ өмір сүруіне тілектеспін. Біз, балалар, Президентпен бірге бақыттымыз!