1. Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән- мағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап, эссе жазыңыз
Уақыт арқылы өмірдегі бүкіл шағың өтеді.Тіпті қарап көрсек оның қалай өтіп кеткендігін байқамай қаламыз.Күндердің күнінде өзің толып қойған жасыңа да қарайсың да ойланасың,қалай уақыт зымырап өтіп кетті?
Әрқашан уақытты босқа өткізбеу керек.Мысалға қазір гялы телефонды шығарды.Негізінен оны мүлдем басқа жолмен шығарған,онымен адам бір-бірімен сөйлессін деп жәнеде тағы басқа пайдалы себептермен шығарған.Ал қазір оны ойын үшін сатып алады.Балалар онда ойнап ойнап уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалады.Уақытты пайдалы әрі тиімді өткізу керек.Мысалға сол ұялы телефонның орнына кітап оқысақ миымыз жұмыс істейді,пайдалы заттарды үйренеміз.
Менің досым уақытын әрқашан тиімді өткізгенді ұнатады.Ол бос уақытында әнге,суретке барады.Үйіне келгенде кітап оқиды.Анасына көмектесіп,ұй жинайды,тамақ әзірлейді.
Ең бастысы уақытты тиімді пайдаланайық.Себебі,оны кейін қайтадан қайтара алмаймыз.