1.“Санат базардан алма және жүзім сатып алады” сөйлеміндегі етістік қай шақта тұр? A) ауыспалы өткен шақ;
B) мақсатты келер шақ;
C) жедел өткен шақ;
D) бұрынғы өткен шақ;
E) ауыспалы келер шақ;
2. Қандай формалар келер шаққа жатады?
A) бұрынғы, болжалды, мақсатты;
B) ауыспалы, болжалды, мақсатты;
C) жедел, бұрынғы;
D) жедел, ауыспалы;
E) мақсатты, жедел, бұрынғы;
3.Бұрынғы өткен шақ етістігі бар сөйлемді табыңыз.
A) Ол дәрігер емес;
B) Мен өз рейсімді анықтап білейін деп едім;
C) Біз мұнда келіппіз;
D) Біз диктант жазамыз;
E) Біз сөйлейміз;
4. Болжалды келер шақ етістігі бар сөйлемді табыңыз.
A) Иә, мен қызмет бабымен сапар шегемін;
B) Досым қарсы алды;
C) Сапарлық сәтті болды ма?
D) Мен келермін.
E) Мен баланы көрдім;
5. «Балалардың ... келмейді» сөйлеміне етістікті кірістіріңіз.
A) ұйықтағым;
B) оқымақ;
C) тамақ ішкің;
D) оқығысы;
E) тамақ ішкілерің.
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.