В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
karina211206
karina211206
09.06.2020 02:03 •  Қазақ тiлi

1. Себеп-салдар шылауды табыңыз. А) Бүгін ерте келдік, бірақ жарыстан қалып қойдық. В) Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалады.
С) Олар біресе ойнайды, біресе отырады. Д) біз кешке сабақ оқимыз және тамақ жейміз.
Е) Олар не бүгін келеді, е ертең келеді.
2. Қате жазылған шылауды табыңыз.
А) барған-ай В) бармайақ қой С) сондай-ақ Д) сұмдық-ай Е) барыпты-мыс
3. Қай сөйлемде үш шылау қатысқан?
А) Марат та, Сәкен де сабақта жоқ.
В) Ертеңге дейін барып қалармын.
С) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.
Д) Қызым, сабаққа дейін тамағынды ішпедің бе?
Е) Қыста қар жаумаса ше?
4. Шылауды табыңыз.
А) Сірә, сол жасаған шығар, ә?
В) Қап, содан естімегенім қалмады.
С) Ой, Мұрат, сенбісің?
Д) Балам-ау, қалың киімінді кисейші.
Е) Әттең, сол уақыт қайта келсе !
5. Шылауды табыңыз.
А) Қар қалың жауыпты.
В) Түнде қатты суық болады.
С) Мейлі жаз, мейлі қыс болсын, маған бәрібір.
Д) Содан әлі ауырып жатыр.
Е) Бар болғаны бес рет ойнады.
6. Болымсыздық демеулікті табыңыз.
А) түгіл В) түгел С) тұрды Д) тұрған Е) тегіс
7. Нақтылау мәнді демеулікті табыңыз.
А) және В) кейде С) ғой Д) –мыс Е) әрі
8. Қай шылау болжалдық демеулік мәнді?
А) -мыс В) ғой С) ғана Д) қой Е) –ай
9. Қате тіркескен шылауды табыңыз.
А) Ол кеше ғана келген. В) Келген Марат ғой. С) Одан дәріс алыпты-мыс.
Д) Бұл оқиға жазда болған-ды. Е) Есікті қаққан сол-ау.
10. Күшейткіш демеулікті табыңыз.
А) әсіресе В) әйтпесе С) әйтсе де Д) әлде Е) әрі

Показать ответ
Ответ:
anisiacom1
anisiacom1
02.04.2021 09:40

Объяснение:

Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Marinet1806
Marinet1806
23.06.2022 15:13

библиотека

материалов

А. Саттаров атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік

мекемесі

Баяндама:

Тақырыбы: «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз

Дайындаған: мектепалды даярлық

тобының жетекшісі

Искакова Наргиза Адилжановна

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз»

Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,

Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.

Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,

Отаным деп бар әлемге жар салам

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні Қазақстан тәуелсіздігін әлемге жария етті. 1992 жылы ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында : «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс.

Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс.Ешқандай этносқа ешқандай артықшылық болмайды және болмауға тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей.» деп атап көрсетті.

Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге үлгілі боларлықтай. Заманында қазақтың дархан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды – ынтымақ» дейді халық даналығы.

Сондықтанда қазіргі таңда Қазақстан бүкіл адам үшін дінаралық жөне ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Ұлы Абайдың «Азаматтың бәрін сүй бауырым» деп айтқан өсиетін, кемеңгер,ойшыл Пифагордың «Жердің жемісін жылына бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз»деген даналық сөзін басшылыққа алған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» дейді.

Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел.Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік.

Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы шайқалмасын. Ел тыныштығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота