В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
AlinaSh25
AlinaSh25
20.02.2020 19:47 •  Қазақ тiлi

1. «Үш қиян» шығармасындағы идеяны анықтаңыз. А) Шұрайлы қоныстарды тартып алған отарлау саясатының халық тұрмысына әсерін жырлау

В) Білімді игермеген елдің өркендемейтінін, қазақ жерін көркейтпейтінін ашып айту

С) Халыққа жайлы жер, шұрайлы қоныс, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман іздеу

D) Өмір мен өлімді, жастық пен кәрілікті жырлау, туған жердің сұлулығын паш ету

2. Берілген өлең жолдары Мұрат ақынның қай өлеңінен алынған? Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,

Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс. Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай, Біз түгілі осыларды да алған қоныс.

А) Үш қиян

В) Сарыарқа

С) Әттең, қапы дүние-ай

D) Қазтуған

3. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден басталды?

А) Кебектің аңда жүріп Еңлікпен кездесуі

В) Кебектің Нысан абызға бал аштыруы С) Еңліктің Кебекке бар сырын ақтаруы

D) Матай аулында Кебектің өзін таныстыруы

4. «Еңлік-Кебек» шығармасындағы оқиға немен аяқталды?

А) Екі жастың елден қашуымен

В) Жастарды өлтіру шешімімен

С) Еңлік пен Кебектің өлімімен

D) Ақынның түйінді ойымен

5. Шәкәрім «Жастарға» өлеңіндегі «Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық» деген жолдарда кімді меңзеді?

А) ел жақсыларын

В) орыс ақындарын

С) ағартушы Ыбырайды

D) кемеңгер Абайды
2-БӨЛІМ

6. М.Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында «Мен қауіп еткеннен айтамын» дейді. Неден қауіптеніп еді?

7. «Үш қияннан» алынған мына үзінді идеясын қолдана отырып, қайта өңдеп жазыңыз. Креативті жұмыс ұсыныңыз.

Еділді тартып алғаны — Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны – Ойдағысы болғаны.

Маңғыстаудың үш түбек Оны-дағы алғаны.

Үргеніш пен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны, Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал менен басты есептеп, Баланың санын алғаны — Аңғарсаңыз, жігіттер, Замананы тағы да

Бір қырсықтың шалғаны!

8. «Еңлік-Кебек» дастанынан берілген мына үзіндіні негізге ала отырып, автор бейнесін талдаңыз.

Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім, Емес қой жастықпенен салған әнім. Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы? Аларсың көп ғибрат, байқағаның.

А, Құдай, күнәмді өшір, сауапқа жаз, Таусылмайды рахматың, не болмайды аз. Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде, Өлмес, өшпес дәулетім - осы қағаз.

Показать ответ
Ответ:
refoinda
refoinda
16.11.2020 02:32

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sahakohela
sahakohela
16.11.2020 02:32

Объяснение:

Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота